Виртуалды саяхат бойынша нұсқаулық:
#withGalaxy хештегі арқылы жаңа әлеммен танысыңыз
Discovery телеарнасының фотографы болып табылатын Майкл Блок мырза берген келесі кеңестерді пайдаланып, бар назарыңызды табиғаттың тез өтетін мезеттеріне бағыттаңыз.
Майкл саяхатының Galaxy S20 Ultra смартфоны арқылы түсірілген сәттерінің артқы көрінісі
Шетелдік саяхаттарға жаппай тыйым салынғандықтан, сіздің саяхатқа деген құштарлығыңыз бұрын-соңды болмаған деңгейге шығуы мүмкін. Үмітіңізді үзбеңіз, себебі аяқ баспаған жерлерге бару үшін алысқа барудың қажеті жоқ. #withGalaxy хештегі бойынша табиғаттың күтпеген сәттерін ашу үшін, Discovery телеарнасының жетекші фотографтарының бірімен виртуалды саяхатқа аттануға дайындалыңыз. Сондай-ақ көзге көрінбейтін жасырын ғажайыптарды тұрған жеріңізден қалай түсіруге болатындығын біліңіз.
8K форматындағы видеоның қалай түсірілетінін көргіңіз кел ме? Осы мақаланың жоғарғы жағындағы кадрдан таса қалған жазбаны көріңіз
Бейнені ғажайып фотосуреттерге айналдырыңыз
Видеоны қайта ойната берудің орнына жазбаны тоқтатып қоюға болады. 8K форматында видео түсіру функциясы әрбір кадрды анық 33 МП фотосуретке айналдырады, ал бұл Майклдың айтуы бойынша «бұрын-соңды пейзаждық фототүсірімде қолжетімсіз болған ұсақ
Мүмкіндіктердің галактикасын ашыңыз
Galaxy S20 смартфонының үлкен кескін датчиктерінің және жасанды интеллектісінің арқасында Майкл түнгі фотосуреттерді жарқыл құралын пайдаланбай ап-анық қылып түсіре алады. «Смартфон арқылы Түнгі аспанды фотосуретке түсіру маған қолжетпес мүмкіндік сияқты көрінген болатын», -дейді Майкл. Оның берер кәсіби кеңестері қандай десеңіз? Телефоныңызды штативке орнатып, үздік фотосуреттер түсіру үшін, Pro Mode режимін немесе түнгі режимді қосыңыз. «Pro Mode режимін немесе түнгі режимді қосқанда, Құс жолы суретінің айқындығы арта түсті».
Қайта-қайта жаңа кадр
Сонымен, ашық табиғатта Майкл сияқты бірегей, жоғары деңгейдегі перспективада қалай фотосуретке түсіруге болады? Оның сөзіне сенсек, тәжірибе икемділігіңізді шыңдай түседі: «Үнемі фотосуретке түсіріп жүрсеңіз, ептілігіңіз гауһар тасты өңдегендей шыңдала түседі».