«Сатып ал да, сыйлық ал» ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

«Сатып ал да, сыйлық ал» («Акция») жарнамалық акциясына қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатыса отырып, қатысушы келесі мекенжай бойынша жарияланған Акцияға қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») келіседі: https://www.samsung.com/kz_ru/; https://www.samsung.com/kz_kz/Акция сайты»).

 

1.              Жалпы ережелер:

1.1.         Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115, 3-қабат;

1.2.        Акцияны өткізу кезеңі: 2022 жылдың 1 мен 31 тамызы (қоса санағанда) аралығында, Алматы қ. уақыты бойынша сағат 23:59 дейін;

1.3.         Акцияны өткізу қаласы: Қазақстан Республикасының барлық қалалары;

1.4.         Акцияға қатысатын тауарлар: Акция сайтындағы Ұйымдастырушының Интернет-дүкенінде сатып алынған және артығымен бар барлық тауарлар, сонымен қатар осы Ережелердің 1 және 2 кестелерінде көрсетілген Акция Сайтында алдын ала тапсырыс рәсімдеу арқылы сатып алуға болатын тауарлар («Тауар»).

 

2.              Акцияға Қатысушы

2.1.         Осы Ережелердің барлық шарттарын өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, сонымен бірге ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»);

2.2.         Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен аффилденген тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сонымен қатар Акцияны  ұйымдастыруға қатысы бар басқа компаниялардың қызметкерлері Акцияға қатыса алмайды;

2.3.         Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы.  Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары  берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады; 

2.4.         Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді; 

 

3.              Акцияның сипаттамасы

3.1.         Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда осы Ережелердің 4-тармағында көрсетілген төмендегі сыйлықтардың бірін алу мүмкіндігін алады.

 

4.              Акцияға қатысу шарттары:

4.1.         Акцияға қатысу үшін, Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы қажет:

-        2022 жылдың 1 мен 31 тамызы аралығындағы (қоса санағанда) кезеңде Акция Сайтында төмендегі 1-кестеде көрсетілген тауарлардың бірін сатып алуы керек;

-        2022 жылдың 10 мен 31 тамызы аралығындағы (қоса санағанда)  кезеңде Акция Сайтында төмендегі 2-кестеде көрсетілген тауарлардың біріне алдын ала тапсырыс рәсімдеуі керек;

-        Төмендегі 1,2-кестелерде көрсетілгендей тиісті сыйлықты алу.

1-кесте:

ТАУАР

СЫЙЛЫҚ

1

SAMSUNG Galaxy A33 5G 128GB смартфоны

Battery Pack 10,000mAh (EB-P3300)  сыртқы аккумулятор

2

SAMSUNG Galaxy A53 5G 128GB  смартфоны

Battery Pack 10,000mAh (EB-P3300)  сыртқы аккумулятор

3

SAMSUNG Galaxy A53 5G 256GB  смартфоны

Battery Pack 10,000mAh (EB-P3300)  сыртқы аккумулятор

4

SAMSUNG Galaxy A73 128GB  смартфоны

Galaxy Buds (SM-R180) немесе (SM-R177) немесе (SM-R190) құлаққаптары

5

SAMSUNG Galaxy A73 256GB  смартфоны

Galaxy Buds (SM-R180) немесе (SM-R177) немесе (SM-R190) құлаққаптары

6

SAMSUNG Galaxy S21 FE 5G 128GB  смартфоны

Galaxy Buds (SM-R180) немесе (SM-R177) немесе (SM-R190) құлаққаптары

7

SAMSUNG Galaxy S21 FE 5G 256GB  смартфоны

Galaxy Buds (SM-R180) немесе (SM-R177)  немесе (SM-R190) құлаққаптары

8

SAMSUNG Galaxy S22 5G 128GB  смартфоны

Galaxy Buds (SM-R180)  немесе (SM-R177)  немесе (SM-R190)  құлаққаптары

9

SAMSUNG Galaxy S22 5G 256GB  смартфоны

Galaxy Buds (SM-R180)  немесе (SM-R177)  немесе (SM-R190)  құлаққаптары

10

SAMSUNG Galaxy S22+ 5G 128GB  смартфоны

Galaxy Buds (SM-R180)  немесе (SM-R177)  немесе (SM-R190)  құлаққаптары

11

SAMSUNG Galaxy S22+ 5G 256GB  смартфоны

Galaxy Buds (SM-R180)  немесе (SM-R177)  немесе (SM-R190)  құлаққаптары

12

SAMSUNG Galaxy S22 Ultra 5G 128GB  смартфоны

Galaxy Watch4 40mm (SM-R860) смарт-сағаты

13

SAMSUNG Galaxy S22 Ultra 5G 256GB  смартфоны

Galaxy Watch4 40mm (SM-R860)  смарт-сағаты

14

SAMSUNG Galaxy S22 Ultra 5G 512GB  смартфоны

Galaxy Watch4 Classic 46mm (SM-R890)  смарт-сағаты

15

SAMSUNG Galaxy Tab A8 10.5" 64GB планшеті

Book Cover (EF-BX200P) планшетке арналған қап және Okko мен Megogo сервистеріне 6 айға жазылым

16

SAMSUNG Galaxy Tab A8 10.5" 128GB планшеті

Book Cover (EF-BX200P) планшетке арналған қап және Okko мен Megogo сервистеріне 6 айға жазылым

17

SAMSUNG Galaxy Tab S8 11" 128GB  планшеті

Book Cover Keyboard (EF-DT870B)  планшетке арналған қап және Okko мен Megogo сервистеріне 6 айға жазылым

18

SAMSUNG Galaxy Tab S8+ 12.4" 128GB  планшеті

Book Cover Keyboard (EF-DT970B)  планшетке арналған қап және Okko мен Megogo сервистеріне 6 айға жазылым

19

SAMSUNG Galaxy Tab S8+ 12.4" 256GB  планшеті

Book Cover Keyboard (EF-DT970B)  планшетке арналған қап және Okko мен Megogo сервистеріне 6 айға жазылым

20

SAMSUNG Galaxy Tab S8 Ultra 14.6" 256GB планшеті

Book Cover Keyboard (EF-DX900B)  планшетке арналған қап және Okko мен Megogo сервистеріне 6 айға жазылым

21

SAMSUNG Galaxy Z Flip3 128GB  смартфоны

Galaxy Buds (SM-R180)  немесе (SM-R177)  немесе (SM-R190)  құлаққаптары

22

SAMSUNG Galaxy Z Flip3 256GB  смартфоны

Galaxy Buds (SM-R180)  немесе (SM-R177)  немесе (SM-R190)  құлаққаптары

22

SAMSUNG Galaxy Z Fold3 256GB  смартфоны

Galaxy Watch4 Classic 46mm (SM-R890)  смарт-сағаты

23

SAMSUNG Galaxy Z Fold3 512GB  смартфоны

Galaxy Watch4 Classic 46mm (SM-R890)  смарт-сағаты

24

SAMSUNG Galaxy Watch4 (44mm)  смарт-сағаты

Сағатқа арналған бау Bundle : Sport Band (ET-SFR8) немесе New Sport Band (ET-SFR9) немесе Extreme Sport Band (ET-SXR87)

25

SAMSUNG Galaxy Watch4 Classic (42mm) смарт-сағаты

Сағатқа арналған бау Bundle : Sport Band (ET-SFR8) немесе New Sport Band (ET-SFR9) немесе Extreme Sport Band (ET-SXR87)

 

2-кесте:

Товар

Подарок

1

SAMSUNG Galaxy Z Flip4 128GB смартфоны

Galaxy Watch4 40mm (SM-R860) смарт-сағаты және 1 жыл ішінде «Samsung care»  қосымша сервистік қызметін көрсету  

2

SAMSUNG Galaxy Z Flip4 256GB  смартфоны

Galaxy Watch4 40mm (SM-R860) смарт-сағаты және 1 жыл ішінде «Samsung care» қосымша сервистік қызметін көрсету 

3

SAMSUNG Galaxy Z Fold4 256GB  смартфоны

Galaxy Watch4 Classic 46mm (SM-R890) смарт-сағаты және 1 жыл ішінде «Samsung care» қосымша сервистік қызметін көрсету

4

SAMSUNG Galaxy Z Fold4 512GB  смартфоны

Galaxy Watch4 Classic 46mm (SM-R890)  смарт-сағаты және 1 жыл ішінде «Samsung care» қосымша сервистік қызметін көрсету

* 2022 жылдың 10 мен 31 тамызы аралығында (қоса санағанда) Алматы қ. уақыты бойынша сағат  23:59 дейін алдын ала тапсырыс рәсімдеп сатып алуға болатын тауар. 

 

5.              Сыйлық 

5.1.         Сыйлық SAMSUNG тауар белгісімен және/немесе осы Ережелердің 4.1. т. сәйкес Қатысушыға жоғарыдағы 1 мен 2-кестеге сәйкес сатып алған Тауарға байланысты қосымша «Samsung care» қызметін ұсыну («Сыйлық»);

5.2.        Акция шеңберінде әрбір Қатысушы 1 (бір) Тауар сатып алғаны үшін 1 Сыйлықтан артық ала алмайды;

5.3.         Сыйлықтың түсі мен моделі оның артығымен болуына байланысты және Акцияның ресми сайтынан айырмашылығы болуы мүмкін.  

5.4.         Сыйлықтарды жеткізу тапсырысты растау мен онлайн-дүкенде төлем жасаған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде орындалады. Сыйлықтарды Жеткізу Ұйымдастырушы есебінен орындалады. Егер курьер немесе өзге тұлғалар қалаға дейін жеткізу үшін ақы, салық төлеуді немесе басқа да төлемдерді талап етсе, мұндай төлемдерді орындамаңыз және дереу Ұйымдастырушымен байланысыңыз. Ұйымдастырушымен төменде осы Ережелерде көрсетілген нөмірлер бойынша және әлеуметтік желілердегі Ұйымдастырушының ресми парақтарында байланысуға болады; 

5.5.         Сыйлық саны шектеулі. Сыйлықтар ақшалай қаражатқа немесе басқа тауарларға ауыстырылмайды. Акция Қатысушысы Сыйлық алудан бас тарта алады, осы ретте Қатысушыға ешбір ақшалай қаражат/өтемақы берілмейді; 

5.6.         «Samsung care» қосымша сервистік қызметі («Сервистік қызмет көрсету») Қатысушыға 1 (бір) жыл ішінде осы Ережелердегі жоғарыдағы 2-кестеде көрсетілген Тауардың дисплейін механикалық зақымдануы жағдайында бір рет ауыстыру құқығын береді. 

5.7.         Құрылғыны мақсатты пайдалануға кедергі болмайтын ескіру, сызаттар, жарықтар және басқа да дисплейдің зақымданулары дисплей ауыстыру үшін негіз бола алмайды.

5.8.        Бір реттік ауыстыру немесе экранды жөндеу қызметі Тауардың ішкі бүгілетін негізгі экранына қолданылады.   

5.9.         “Samsung Care” сервисінің аясында дисплейді ауыстыру сұранысымен келгенде Қатысушы сатып алған Тауардың сегментіне сәйкес жұмыстың ақысын төменде көрсетілгендей төлейді:

˗         SAMSUNG Galaxy Z Flip4 смартфоны – 55,000 теңге, ҚҚС-ны қосқанда;

˗         SAMSUNG Galaxy Z Fold4 смартфоны – 69,000 теңге, ҚҚС-ны қосқанда;

5.10.      Сервистік қызмет көрсетудің мерзімі Тауарды алған күннен бастап саналады және 1 (бір) жыл ішінде қолданылады. 

5.11.      Сервистік қызмет тек Қазақстан Республикасының аумағында сатуға арналған және Ұйымдастырушы сайтында Акцияны өткізу кезеңінде сатып алынған Тауарға ғана көрсетіледі. 

5.12.      Тауарды қайтарған жағдайда Сыйлық қайтарылуы тиіс. Қатысушы Сыйлықты қайтарудан бас тартса, Ұйымдастырушы сәйкес Тауарды қабылдаудан бас тартуға құқылы. Қайтару мен ауыстыру Ресми Серіктес белгілеген ережелерге сәйкес орындалады. 

5.13.      Осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда Сыйлық алу үшін, Қатысушы міндеттенеді:

-        жеке куәлігінің көшірмесін/паспорт/ықтиярхатын ұсыну;

-        Тауарды сатып алу фактісі мен күнін растайтын құжатты ұсыну, соның ішінде тауар чегі мен кепілдік талонын;

-        жеткізу парағын/қордағыны беру туралы жүкқұжатты толтыру және қол қою;

-        фото/видео түсіру туралы Рұқсатқа қол қою;

-        қолындағы Сыйлықпен фотосурет/видео түсіру.

5.14.      Қатысушы келесі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан айырылады және Сыйлық алуға үміркер бола алмайды:

-        Акцияның қандай да бір шарттарын бұзса;

-        Тауар қайтарылса;

-        Қатысушы деректері жалған/қате берілсе;

-        Ұйымдастырушы/Серіктес Қатысушымен 15 күнтізбелік күн ішінде байланыса алмаса;

-        алаяқтық немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер анықталса;  

-        жоғарыда көрсетілген құжаттарды беруден бас тартса.

 

6.              Акцияға Қатысушының құқықтары мен міндеттері 

6.1.         Акцияға қатысушының Құқықтары:

˗        Осы Ережелермен танысу;

˗        Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Акцияға қатысу;

˗        Көпшілік ресурстар мен Акция сайтындағы коммуникация арналарында Акцияны өткізудің мерзімі мен шарттары туралы ақпарат алу;

˗        Акция сайтында осы Ережелерге өзгерістер енгізілуі туралы ақпарат алу;

˗        Акцияның Ұйымдастырушысы туралы мәлімет алу;

˗        Осы Ережелерге сәйкес сыйлық беруді талап ету;

6.2.         Акцияға қатысушының міндеттері:

˗          ˗        Ережелерді ұстану, с.і. осы Ережелерде анықталған мерзімде Акцияға қатысумен байланысты барлық әрекеттерді орындау;

˗        Акцияға қатысумен байланысты барлық шығындарды көтеру, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон шығындары және тағы басқа;

˗        Алдын ала тапсырыс кезінде енгізген деректердің нақтылығы, толықтығы мен дұрыстығына толық жауапкершілік көтереді;

˗        Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.

7.              Акция Ұйымдастырушысының Құқықтары мен міндеттері

7.1.         Ұйымдастырушының құқықтары:

-        Акцияны өткізу кезеңі ішінде Акцияның сайтында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлау күні сәйкес ақпарат Акцияның Сайтында немесе Бағдарламада жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;

-        Ұйымдастырушы осы Ережелерде қарастырылған жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпарат пен құжаттарды және де мемлекеттік органдарға ұсыну үшін басқа да құжаттарды сұрата алады;

-        Ұйымдастырушы Акцияның осы Ережелерінде қарастырылған барлық құқықтар мен ҚР қолданыстағы заңнамасын қолданады;

-        Осы Ережелердің барлық шарттарын дұрыс және толықкөлемді орындамаған Акция Қатысушысына бонустық балдарды беруден бас тарту;

-        4.1. т. көрсетілген Осы Ережелердің барлық шарттарын толық көлемді және дұрыс орындамаған Қатысушыға Сыйлық беруден бас тарту.

-        Осы Ережелерді ұстанбау фактісі анықталған жағдайда Акция қатысушысына Сыйлық беруден бас тартуға құқылы. 

 7.2.         Ұйымдастырушының міндеттері:

-        Ережелерде анықталған мерзімде Акцияны өткізумен байланысты Ережелерді ұстану, барлық әрекеттерді орындау;

-        Ережелермен сәйкес Акцияны өткізуді қамтамасыз ету;

-        Акция қатысушыларына Акция Сайты немесе таңдалған коммуникация арналары арқылы Акцияны өткізу Ережелері туралы ақпарат беру;

-        Осы Ережелердің  4.1 т. сәйкес барлық шарттарын дұрыс орындаған барлық Акция қатысушыларына Акция шеңберінде Сыйлықтар беру.   

8.              Басқа шарттар: 

8.1.         Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Сыйлық алу үшін Акцияның ережелерін бұзған жағдайда немесе алаяқтық және/немесе алдау әрекеттерін жасаған болса, Сыйлық алу құқығынан айырылады;

8.2.        Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушы Ережелерді ұстанудан толығымен және/немесе ішінара бас тартса, бұл Қатысушының Акцияға қатысудан толығымен бас тартуы болып саналады; 

8.3.        Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелде негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды; 

8.4.        Акция, Акция сайтында көрсетілген Ұйымдастырушының басқа промо-ұсыныстарымен (акцияларымен) бірге қолданылады. 

8.5.        Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға / жеңімпазға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы / жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы;

8.6.        Акцияны орындау барысында, Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін,  Қатысушыдан жеке куәлігі және оның көшірмесі сұратылуы мүмкін;

8.7.        Осы интернет-сайт және оның мазмұны ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабында берілген ережелермен анықталатын жария оферта болып табылмайды. Құрылғылардың саны шектеулі. Нақты түсі басқа болуы мүмкін және барлық суреттер анықтама үшін берілген. 

 

Акцияға қатысты кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген  Ұйымдастырушының байланыс деректері бойынша хабарласыңыз:

8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін; 

7799 – Қазақстанның кез келген ұялы телефон операторының нөмірінен қонырау шалу тегін.