Samsung Rewards бонустық бағдарламасының
ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ

2024 жылғы «17» қаңтардағы редакция

МҰҚИЯТ ТАНЫСУЫҢЫЗДЫ ӨТІНЕМІЗ.
Осы бағдарламаға қатысу арқылы Сіз Samsung Rewards бонустық бағдарламасын реттейтін келесі ережелермен және шарттармен келісесіз.

A. Samsung Rewards бонустық бағдарламасына шолу

Samsung Rewards бонустық бағдарламасы (әрі қарай — «Бағдарлама») — ұйымдастырушысы «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» ЖШС (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) (әрі қарай — «Ұйымдастырушы») болып табылатын бейілділік бағдарламасы және оның шеңберінде Samsung Account (Samsung аккаунты) (әрі қарай – «Samsung Account») қолданыстағы идентификаторы (аккаунты) бар жеке тұлғалар (әрі қарай— «Қатысушы(лар)») осы құжатта көрсетілгендей Samsung бонустық шотына (әрі қарай — «Бонустық шот») есептелетін балл жинау (әрі қарай — «Балдар») мүмкіндігін алып, Қатысушылар өз Балдарын төменде сипатталған жолмен қолдануға құқылы болады. Бағдарлама мақсаты Samsung тауарлық маркасымен тауар сатып алатын немесе сатып алуға ниеті бар клиенттердің белсенділігін арттыру болып табылады.


B. Бағдарламаға қатысу құқығы және қатысу тәртібі

1. Бағдарлама Қазақстан Республикасының аумағында тұратын кәмелетке толған және толығымен әрекетке қабілетті жеке тұлғаларға қолжетімді. Қатысушылардың қолданыстағы Samsung Account-ты болуы тиіс. Бонустық шот ашу үшін ақы алынбайды. Егер сіздің әлі Samsung Account-ыңыз болмаса, https://account.samsung.com сайтына кіріп, есептік жазба ашу үшін сілтемелер мен нұсқаулықтар бойынша өтіңіз. Samsung Account-қа қатысты шарттар осы Ережелер мен шарттардың ажырамайтын бөлігі болып табылады. Осы Ережелер мен шарттар және Samsung Account шарттары арасында қандай да бір сәйкессіздіктер немесе қарама қайшылықтар кездескен жағдайда осы Ережелер мен шарттардың басымдық күші бар.
2. Тіркелу. Осы Бағдарламаға қатысу және кейіннен Бонустық шот ашу үшін, Қатысушы онлайн-тіркелуден өтуі (
3. Қатысушының дербес деректері: Қатысушы Бонустық шотты және/немесе осы Бағдарламаны пайдалануы барысында Ұйымдастырушының дербес деректерді қалай өңдейтіні туралы ақпарат алу үшін, Ұйымдастырушының Құпиялылық саясатымен танысыңыз: https://account.samsung.com/membership/policy/privacyhttps://www.samsung.com/kz_kz/info/privacy/ .

4. Ұйымдастырушыдан хабарламалар алу: осы Ережелерді қабылдау мен Бағдарламаға тіркелу арқылы Қатысушылар Ұйымдастырушының Құпиялылық саясатында (https://www.samsung.com/kz_kz/info/privacy/) көрсетілгендей, Samsung Account-ына байланған электрондық пошта мекенжайына хат алуға және/немесе Ұйымдастырушының Samsung ұялы құрылғысына жарнамалық, ақпараттық және/немесе басқа мақсаттар үшін push-хабарламалар алуға келісімін береді.

5. Құпиялылық және дербес деректерді қорғау: Сіз Samsung Electronics Co., Ltd. компаниясына ( әрі қарай - "Samsung компаниясы") дербес деректерді және Өзіңіз туралы ақпаратты Samsung компаниясының Құпиялылық саясатына: https://www.samsung.com/kz_kz/info/privacy/ сәйкес өңдеуге, сонымен қатар Бағдарламаның жұмыс істеуі және оны басқару мақсатында Samsung Members қосымшасында орналастырылған Samsung Rewards Құпиялылығы туралы хабарламасын пайдалануға келісім бересіз.

С. Бағдарламаның қолданылу мерзімі, өзгерістер енгізу және қолданысын тоқтату

1. Бағдарлама Ұйымдастырушы Қатысушыларға хабарлап немесе хабарламай, кез келген уақытта Бағдарламаны біржақты тоқтатқанға немесе өзгерістер енгізгенге дейін созылады. Бағдарламаны қолданыстан шығару, өзгерту немесе тоқтату Қатысушының жинаған балдарын қолдану қабілетіне әсер етуі мүмкін.
2. Қатысушының бағдарламаға әрі қарай қатысуы оның осы Ережелерге енгізілетін кез келген өзгерістермен келісетіндігін білдіреді.

D. Балдардың баламасы, Балдардан айыру және Балдарды бақылау

1. Ақша баламасының немесе беру мүмкіндігінің болмауы. Балдар Қатысушының меншігі болып табылмайды, оған құқықтар бермейді және ақшалай баламасы жоқ. Осылайша, балдар қандай да бір себептермен қолма-қол ақшаға айырбастауға, беруге немесе ауыстыруға жатпайды. Тиісінше, Балдар Қатысушы қайтыс болғаннан кейін, отбасылық қатынастар шеңберінде немесе заңға сәйкес басқа жолмен берілмейді. Балдарды сатуға немесе беруге қатаң тыйым салынады. Балдарды қайталама нарықта сатуға болмайды және кез-келген Балдарды қайталама нарыққа беру жарамсыз болып саналады. Қатысушы пайдаланбаған Балдарға өтемақы төленбейді және қалпына келтіру мүмкіндігінсіз жойылуы немесе басқа жолмен шығындалуы мүмкін. Егер Ұйымдастырушының біржақты қарастыруы болмаса, Балдарды Ұйымдастырушының басқа бағдарламаларына ауыстыру немесе беру іске асырылмайды.

2. Балдардың қолданылу мерзімі. Жиналған балдардың жарамдылық мерзімі олар есептелгеннен кейін 24 (жиырма төрт) айдан кейін аяқталады. Қолдану кезеңінде пайдаланылмаған балдар құнсызданады және күшін жоғалтады.

3. Есептелген балдарды Қатысушының Бонустық шотынан көруге болады. Әрбір Қатысушы жинаған балл санын Қатысушының Samsung Бонустық шотынан бақылауға болады. Балдар Қатысушының Бонустық шотына (i) төлем операциясы расталғаннан кейін; (ii) қайтарудың қолданылатын кезеңі аяқталғаннан кейін; және/немесе (iii) төлемдерді қайтарудың қолданылатын кезеңі аяқталғаннан кейін есептеледі. Алайда, әр Қатысушы балдарының дұрыс есептелуіне өзі жауап береді. Қате есептелген балдарға қатысты кез келген наразылық осындай балдар есептелген күннен бастап 14 (он төрт) күн ішінде Ұйымдастырушыға берілуі тиіс. Балдарды қолмен есептеу процедурасының ұзақтығы 60 (алпыс) күнге дейін болуы мүмкін. Ұйымдастырушы балдардың жиынтық санындағы немесе Қатысушының Бонустық шотындағы қандай да бір баспа, өндірістік, типографиялық, механикалық немесе өзге қателер үшін жауапты емес. Ұйымдастырушы Қатысушының Бонустық шотындағы балдардың дұрыс есептелмегенін немесе алдау жолымен алынғанын анықтаса, мұндай балдардың күшін жою құқығын өзіне қалдырады. Ұйымдастырушы балдарды есептеу дәлелдемелерін (чектерді, тауарға ілеспе құжаттарды және т.б. қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей) талап ету құқығын өзіне қалдырады, сондай-ақ осы Ережелерді сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қатысушыларды хабардар етпей, кез келген балдарды есептеуді немесе пайдалануды кейінге қалдыру құқығын өзіне қалдырады. Қатысушылар өздерінің Бонустық шоттарының құпиялылығын және осындай шоттарға қатысты белсенділікті сақтауға жауапты, сондай-ақ Қатысушылар өздерінің Бонустық шоты шеңберінде жүзеге асырылатын кез келген белсенділік үшін жауапкершілік көтереді. Ұйымдастырушы өзге ешқандай құқық қорғау құралдарын шектемейді және Ұйымдастырушы Бағдарлама шеңберінде Қатысушы алаяқтық жасағаны туралы күдіктенсе, Қатысушының Бонустық шотын тоқтатуға немесе жабуға құқылы. Бағдарламаға қатысу осы Ережелермен, сондай-ақ Ұйымдастырушы мезгілді қабылдай алатын немесе оларға өзгерістер енгізе алатын саясаттармен және рәсімдермен регламенттеледі. Осы Ережелерді немесе Ұйымдастырушы қабылдаған кез келген саясаттар мен процедураларды сақтамау, Ұйымдастырушыға нұқсан келтіретін кез келген әрекет немесе бағдарлама аясындағы кез келген жалған ақпарат немесе алаяқтық әрекет Ұйымдастырушы заң жүзінде қолдана алатын кез келген құқықтарға немесе құқықтық қорғаныс құралдарына толықтыру ретінде Ұйымдастырушының біржақты қарастыруымен қабылданған шешімге сәйкес Бағдарламаға қатысуды тоқтатуға, сонымен қатар осы уақытқа дейін жинаған Балдардың күшін жоюға әкелуі мүмкін.

Е. Жалпы Ережелер мен шарттар

1. Ұйымдастырушы осы Ережелерге немесе қолданыстағы заңнаманың кез келген ережелеріне қайшы келетін тәсілмен Бағдарламаны пайдаланатын немесе пайдалануға күдікті кез келген тұлғаның Бағдарламаға қатысуын доғаруға немесе тоқтатуға құқықты өзіне қалдырады. Бағдарламаға қатысу құқығын тоқтату немесе жоюдан басқа, Ұйымдастырушы сәйкес әкімшілік және/немесе сот шараларын қолдана алады, соның ішінде Ұйымдастырушының біржақты қарастыруымен қажетті санаған қылмыстық қудалау да бар.

2. Кепілдікті қызмет көрсету, Балдарды пайдалану арқылы сатып алынған тауарды ауыстыру немесе қайтару Samsung интернет-дүкенінде сату Шарттарын есепке алғанда https://www.samsung.com/kz_kz/info/terms-and-conditions-of-sale/ сілтемесі бойынша орналасқан тауарды өндірушінің кепілдікті міндеттемелеріне сәйкес орындалады.

3. Кез келген тұлғаның Бағдарлама жұмысын жүзеге асырудың заңдылығына нұқсан келтіру үшін жасаған кез келген әрекеті қылмыстық және азаматтық заңнаманы бұзуы мүмкін, егер мұндай әрекет жасалса, Ұйымдастырушы кез келген осындай адамнан залалдың орынын толтыруды толық көлемде талап ету құқығын өзіне қалдырады. Демеушінің осы Ережелердің кез келгенін қолданбауы осы немесе басқа Ережеден бас тартуын білдірмейді.

4. Бағдарлама тек жеке тұлғаларға ұсынылады. Бағдарламаға компаниялар, ұйымдар, қоғамдар, соның ішінде мектеп ұйымдары немесе өзге де бірлестіктер қатыса алмайды.

5. Бағдарламаға қатысу құқығына, тауарлардың болуына немесе Қатысушының осы Ережелерді сақтауына қатысты барлық мәселелерді немесе дауларды Ұйымдастырушы өзінің біржақты қарастыруы арқылы шешеді.

6. Ұйымдастырушы Бағдарламаға қатысу кезінде Қатысушылар ұсынған кез келген анықталмаған немесе жалған ақпарат үшін жауап көтермейді.

7. Балдарды есептеу және есептен шығару кезінде жақын бүтін санға дейін дөңгелектеу жүргізіледі.

8. Қатысушылар Бағдарламаға қатысу нәтижесінде туындайтын барлық салықтар мен алымдарды төлеу жауапкершілігін көтереді.

9. Қатысушылар өздерінің Samsung Account-қа қатысты байланыс ақпаратын үнемі жаңартып отыруға жауапты.

10. Бағдарлама Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.


F. Балдарды есептеу тәртібі

1. Ұйымдастырушы Қатысушының мына мекенжайда орналасқан https://www.samsung.com/kz_ru/ және https://www.samsung.com/kz_kz/ (доменнің барлық деңгейлерін қосқанда) Samsung интернет-дүкенінде сауда жасағаны үшін Samsung Account-ты қолданып, Қатысушының бонустық шотына балдарды есептейді.
2. Есептелген балдардың саны сатып алған сомаға байланысты және тауардың (тауарлардың) құнынан 1% (бір пайыз) ретінде есептеледі. 1 (бір) Балл 1 (бір) теңгеге тең.

3. Қатысушы тауарға ақы төлеуден бас тартқан кезде (төлем рәсімін үзу) есептен шығаруға жататын балдар Ұйымдастырушы төлемнің күшін жою растауын алған күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде бонустық шотқа қайтарылатын болады.

4. Тауар қайтарылған жағдайда немесе тауарлардан (тауарлардың бір бөлігінен) бас тартылған жағдайда, оны сатып алғаны үшін есептелген балдар жойылады және қалпына келтірілмейді.

5. Тауар үшін ақшалай қаражатты қайтару Қатысушы тауар (Тауарлар) үшін іс жүзінде төлеген ақшалай қаражат мөлшерінде жүзеге асырылады.

6. Бонустық шотқа балдарды есептеу Ұйымдастырушы балдарды есептеуді көздеген Қатысушыға (cатып алушыға) тауар берілген күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде немесе физикалық беруді көздемейтін Тауарлар үшін ақы төленген күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

7. Ұйымдастырушы жекелеген акциялардың талаптары бойынша қосымша балл есептеу құқығын өзіне қалдырады. Мұндай жағдайда есептелуге жататын балдардың саны тиісті акцияның талаптарымен реттелетін болады.

8. Ұйымдастырушы тауарлардың жекелеген категориялары немесе тауарды сатып алудың белгілі бір тәсілдері үшін қосымша балл есептемеу құқығын өзіне қалдырады.

G. Балдарды есептен шығару тәртібі

1. Балдарды Ұйымдастырушының 
https://www.samsung.com/kz_ru/ және https://www.samsung.com/kz_kz/ (доменнің барлық деңгейлерін қосқанда) интернет-дүкеніндегі сатып алуларды ішінара төлеу үшін пайдалануға болады.

2. Балдарды есептен шығару үшін, сатып алу қолданыстағы Samsung Account-ын қолдану арқылы жүзеге асырылуы қажет.

3. Ережелерде көзделген балдарды есептен шығару үшін сатып алудың (тауардың) ең төменгі құны 10 (он) теңгені құрайды. Тауарды одан аз сомаға сатып алған жағдайда балмен төлеу жүргізілмейді.

4. Балдармен сатып алудың (сатып алынатын тауарлардың) 90% - ынан (тоқсан пайызынан) аспайтынын, бірақ 10 (он) теңгеден кем емес мөлшерде төлеуге болады. Балдар Ұйымдастырушының қарауы бойынша бір тапсырысқа кіретін тауарлар арасында бөлінуі мүмкін.

5. Балдармен төлеу арқылы жүзеге асқан бір сатып алу кезінде тек бір Бонустық шоттан алынған балдар ғана пайдаланылуы мүмкін.

6. Балдар бонустық шоттан хронологиялық тәртіппен алынады. Алдымен, ең ескі балдар есептелген күні бойынша алынады.

7. Тауарды сатып алу кезінде есептен шығарылған балдар оны қайтарған жағдайда немесе тауардан бас тартқан жағдайда осындай тауар үшін ақша қаражаты қайтарылған күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде қайтарылады.

8. Егер арнайы ұсыныстар мен акциялар қолданылатын тауарларды сатып алу кезінде осындай ұсыныстар мен акциялардың шарттарында көрсетілмесе, балдар арқылы төлеуге болмайды. Ұйымдастырушы Galaxy Upgrade бағдарламасы бойынша тауар сатып алған кезде немесе тауарды өзге жолмен лизингке алған кезде балл есептемеу құқығын өзіне қалдырады. Қатысушы Galaxy Upgrade бағдарламасының, сондай-ақ лизингтің өзге де бағдарламаларының талаптарын бұзған жағдайда Ұйымдастырушы берілген балдардың күшін жоюға құқылы.


H. Жауапкершілікті шектеу

1. Ұйымдастырушы және оның бас, еншілес, үлестес және олармен байланысты компаниялары, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларының, директорларының, қызметкерлерінің, акционерлерінің, агенттерінің, құқықтық мирасқорларының, цессионарийлерінің әрқайсысы (әрі қарай- "Босатылған тараптар") кез келген баспа немесе техникалық қателер, әрекетсіздік, тоқтата тұру, ережелерді сақтамау, өшіру, ақаулар, жұмысында немесе берудегі кідірулер, ұрлау немесе жою, Бағдарлама материалдарына рұқсатсыз қол жеткізу немесе өзгерту, сонымен қатар техникалық, желілік, телефон, электрондық, компьютерлік, аппараттық немесе Бағдарламалық кез келген бұзылулар немесе техникалық себептермен немесе Интернеттегі кез келген веб-сайттағы трафиктің шамадан тыс жүктелуіне байланысты немесе барлығын бірге алғандағы Бағдарлама туралы ақпараттың дәл берілмегені үшін жауапкершілік көтермейді.

2. Бағдарламаға қатыса отырып, әрбір Қатысушы барлық жауапкершілікті өзі көтереді және шығындарды өз бетінше өтеуге, сондай-ақ Ұйымдастырушыны және оның Босатылған тараптарын осындай Қатысушының іс-әрекеті және/немесе оның Бағдарламаға қатысуы нәтижесінде туындауы мүмкін кез келген наразылықтардан, міндеттемелерден, залалдардан немесе шығындардан, сондай-ақ үшінші тұлғаларға келтірілген кез келген зиян немесе нұқсан үшін босатуға және арашалауға келіседі.

3. ЕШБІР ЖАҒДАЙДА БОСАТЫЛҒАН ТАРАПТАР, ЕГЕР ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ТАРАПТАРДЫҢ КЕЗ КЕЛГЕНІ НЕМЕСЕ БАРЛЫҒЫ НЕМЕСЕ ОЛАРДЫҢ УӘКІЛЕТТІ ӨКІЛДЕРІ ОСЫНДАЙ ШЫҒЫНДАРДЫҢ ТУЫНДАУ МҮМКІНДІГІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТІЛГЕН БОЛСА ДА, КЕЗ КЕЛГЕН ЖАНАМА, КЕЗДЕЙСОҚ, КЕЙІНГІ, НАҚТЫ, АЙЫППҰЛДЫҚ ЗАЛАЛДАР НЕМЕСЕ ЖОҒАЛҒАН ПАЙДА ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ. ОСЫЛАЙША ҚАТЫСУШЫ SAMSUNG КОМПАНИЯСЫНАН, ОНЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫНАН КЕЗ КЕЛГЕН ЖАНАМА, КЕЗДЕЙСОҚ, КЕЙІНГІ, НАҚТЫ, АЙЫППҰЛДЫҚ ЗАЛАЛДАРЫНА НЕМЕСЕ ҰТЫЛҒАН ПАЙДАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДАН БАС ТАРТАДЫ.


4. Босатылған тараптар Ұйымдастырушы немесе тиісті Босатылған тарап өндірген өнімдерден басқа кез келген өнімдер немесе қызметтер үшін жауапты болмайды. ЗАҢДА БАРЫНША КӨЗДЕЛГЕН ДӘРЕЖЕДЕ ДЕМЕУШІ БАҒДАРЛАМА ШЕҢБЕРІНДЕ ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫН ӨНІМДЕРГЕ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ АЙТЫЛҒАН НЕМЕСЕ КӨЗДЕЛЕТІН КЕЗ КЕЛГЕН ӨТІНІШТЕР МЕН КЕПІЛДІКТЕРДЕН БАС ТАРТАДЫ, соның ішінде сатып алушының күткеніне сәйкестіктің немесе мақсатты пайдалану үшін жарамдылықтың жұмыстарды орындау барысында пайда болатын кез келген көзделетін кепілдіктерін және іскерлік (оның ішінде қаржылық) операцияларды жүргізу процесінде туындайтын көзделетін кепілдіктерді қоса алғанда, бас тартады.
5. Бағдарламаға қатысу шарты ретінде Қатысушы қолданыстағы заңнамада бұған тікелей тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, Бағдарламада немесе оның шеңберінде сатып алған кез келген тауармен байланысты туындайтын кез келген даулар, наразылықтар және талап қою үшін негіздер Ұйымдастырушымен жеке тәртіппен шешілетініне өз келісімін береді. Осы Ережелердің қолданылу мүмкіндігін, оны түсіндіру, іске асуын, интерпретациялануын, Бағдарламаға байланысты Қатысушының құқықтары мен міндеттерін және Ұйымдастырушының құқықтары мен міндеттеріне қатысты барлық жағдайлар мен сұрақтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коллизиялық құқық нормаларын есепке алмағанда реттеліп түсіндірілуі керек.
6. Егер осы Ережелердің қандай да бір қағидасын сот жарамсыз деп таныса, мұндай қағида өзінің заңды күшін сақтайтын осы Ереженің қалған қағидаларынан бөліп алынады.