Galaxy A51

SM-A515FZKWSKZ
Цвет ҚараҚара
Память 128 ГБ
Түзету

The item is in the cart.

Infinity O-display

Бүкіл әлем шексіз экраныңда

Device design

Таңдаулы стиль мен жайлылықтың үйлесімі

Rear camera

Төрт камера

172

Салмағы (г)

ㅤ

Бүкіл әлем шексіз экраныңда

Galaxy A51 шексіз экраны визуалды симметрияны оңтайландырады. Енді FHD+ сапасындағы 6,5 дюймдік sAMOLED жарқын экранында ойын ойнауға, фильмдер көруге, желіні шарлауға және көпмақсатты режимде үзіліссіз жұмыс істеуге болады. Дисплейдің жіңішке жақтауы мен пайдалы кеңістіктің максималды көлемі арқасында контентке толық ден қой.

See the whole view on the Infinity-O Display

*Кескіндер үлгіленген және мәтіннің көрнекі құралы ретінде ғана қолданылады. **Шексіз экран: жоқ деуге болатын жиектеме, қорғаныс әйнегі бар экран, ""бір шетінен екінші шетіне дейінгі"" экран. ***6,5 дюймдік экранның өлшемі экран айналасындағы тікбұрыш диагоналінің көлемімен анықталады. Экран бұрыштарындағы жұмыр жиектерін есепке алғанда бұл өлшем 6,3 дюймді құрайды. Жұмыр бұрыштары мен камера объективіне арналған тесіктен болып, экранның іс жүзіндегі жұмыс ауданы біршама кіші.

Таңдаулы стиль мен жайлылықтың үйлесімі

Galaxy A51 экран тақырыбындағы ырғақты бедер Қара, Ақ немесе Қызыл түстердің жұмсақ реңктерімен жақсы үйлеседі. Артқы панелінің жалтыры смартфонның жалпы стилистикасын толықтырады, мінсіз эргономикасы телефонды қолда ыңғайлы ұстауға мүмкіндік береді.

Designed for a refined level of style and comfort

*Телефон түстері елге не ұялы байланыс операторына байланысты болуы мүмкін.

Төрт камера

48 МП негізгі камера күндіз және түнде анықтығы аса жоғары жарқын әрі анық суреттер түсіруге арналған. Көру бұрышы 123° болатын 12 МП аса кең бұрышты камера керемет пейзаждарды, топтасып тұрған объектілерді суретке түсіруге мүмкіндік береді. Өте ұсақ бөлшектерді жақындату үшін макротүсірілімге арналған 5 МП камераны қолдан, ал артқы фоны бұлыңғыр әдемі портреттер жасау үшін тереңдік датчигі мен «Жанды фокус» режимі бар 5 МП камераға қосыл.

*Телефон түстері елге не ұялы байланыс операторына байланысты болуы мүмкін

Quad Cam lets you shoot with more perspective

*Телефон түстері елге не ұялы байланыс операторына байланысты болуы мүмкін

Бір камера – түрлі мүмкіндіктер

Көру бұрышы аса кең камераның көмегімен бүкіл әлемді экранға сыйдыр. Ал 48 МП негізгі камераның арқасында суреттерің күн мен түннің кез келген уақытында жарқын әрі анық болады.

Кең бұрыш

Кең бұрыш
*Кескіндер үлгіленген және мәтіннің көрнекі құралы ретінде ғана қолданылады. **Фото- және видеотүсірілімнің аса кең бұрышты форматы тек негізгі камерада жұмыс істейді.

Ультра кең бұрыш

Ультра кең бұрыш
*Кескіндер үлгіленген және мәтіннің көрнекі құралы ретінде ғана қолданылады. **Фото- және видеотүсірілімнің аса кең бұрышты форматы тек негізгі камерада жұмыс істейді.

Макро-камера

Макротүсірілімге (F=40 мм) арналған 5 МП камера жақындатып түсіру кезінде нысананың әр ұсақ-түйегін қармай отырып, анық суреттер жасауға мүмкіндік береді. «Боке» әсерін пайдаланып фонды бұлыңғыр ету дәрежесін ретте де, түсірілімнің негізгі нысанасын ерекшелеп, визуалды әсер деңгейін арттыр.

*Кескіндер үлгіленген және мәтіннің көрнекі құралы ретінде ғана қолданылады. **Макро-камера функциясы тек негізгі камерада жұмыс істейді.

Macro Cam that captures the up-close details

*Кескіндер үлгіленген және мәтіннің көрнекі құралы ретінде ғана қолданылады. **Макро-камера функциясы тек негізгі камерада жұмыс істейді.

Экшн-камера деңгейіндегі анық фото және видео

Galaxy A51 аса кең бұрышты камерасы және интеллектуалды БҚ экшн-камера іспетті кәсіби деңгейде видео түсіруге мүмкіндік береді. Супер тұрақты жүйенің арқасында тіпті ең шытырман жағдайларда да жарқын әрі жанды видеолар түсір.

Shoots smooth and steady just like the pros

*Кескіндер үлгіленген және мәтіннің көрнекі құралы ретінде ғана қолданылады. Түсірілім нәтижелері түсіру жағдайларына, оның ішінде кадрдағы анық емес (фокуста болмаған) немесе қозғалып жатқан объектілер санының көп болуына байланысты. ***Көру бұрышы аса кең бұрышты камерамен селфи түсіруді жақсарту үшін оңтайландырылған. ****Жақындату функциясы жоқ. Бейнені тұрақтандыру жүйесінің жұмысы жарықтандыруға байланысты болуы мүмкін. *****Бейнені супертұрақтандыру режимі аса кең бұрышты камерамен Full HD форматында сюжеттерді түсіру кезінде ғана жұмыс істейді.

Нысанаң басты назарда

Тереңдік датчигі бар 5 МП камера түсірілімге дейін және одан кейін анықтық деңгейін реттеуге мүмкіндік береді. Тереңдік датчигі бар 5 МП камераның жетілдірілген конструкциясы артқы фондағы қажетсіз нысаналарды бұлыңғыр етіп, суреттердің кәсіби көрінуіне мүмкіндік береді.

Тікелей фокусты қосу

Тікелей фокусты қосу
*Кескіндер үлгіленген және мәтіннің көрнекі құралы ретінде ғана қолданылады.

Тікелей фокусты өшіру

Тікелей фокусты өшіру
*Кескіндер үлгіленген және мәтіннің көрнекі құралы ретінде ғана қолданылады.

Керемет селфи – оп-оңай!

Керемет селфи түсіргің келе ме? 32 МП алдыңғы камераның арқасында басты назарда бол, ол анықтығы жоғары суреттер түсіруге мүмкіндік береді. «Селфи-фокус» режиміндегі фонның жеңіл бұлыңғырлануы суреттерде байқалмай қалуыңа жол бермейді.

*Кескіндер үлгіленген және мәтіннің көрнекі құралы ретінде ғана қолданылады.

Attention-grabbing selfies made easy

*Кескіндер үлгіленген және мәтіннің көрнекі құралы ретінде ғана қолданылады.

Толық қуатталған

Сыйымдылығы 4000 мАсағ (әдепкі мән)* қуатты аккумулятор күні бойы ойнауға, тікелей эфирге шығуға және файл алмасуға мүмкіндік береді. 15 Вт жылдам қуаттау мүмкіндігі өмірдің қарқынды ағымынан қалып қоймауға көмектеседі.

Power that keeps you going

*Сынақ нәтижелерінің әдепкі мәндері үшінші фирмалардың зертханаларында алынған. Әдепкі мән – IEC 61960 стандартының әдісі бойынша батареяның бірнеше іріктеме сыйымдылығының өлшем нәтижелерінің шашырауын есепке алатын орташа мән. Сыйымдылықтың номиналды (ең аз) мәні 3890 мАсағ. Батареяның іс жүзіндегі жұмыс ресурсы желілік ортаға, пайдалану ерекшеліктеріне және басқа факторларға байланысты.

Ойын-сауық үшін көбірек еркіндік

Galaxy A51 жылдам процессормен және сыйымды жадпен жабдықталған. Жетілдірілген 8 ядролық процессор мен 6 ГБ дейінгі оперативтік жад кез келген қосымшаның біркелкі әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етеді. 64 ГБ және 128 ГБ ішке орнатылған жадтың арқасында көбірек жүктеуге және азырақ жоюға болады. 512 ГБ дейінгі microSD картаның көмегімен көбірек контент сақтай аласың.

Give yourself more room to play

*Оперативтік (ОЖҚ) және ішке орнатылған жадтың көлемі тауар сатылатын елге байланысты болуы мүмкін. **MicroSD карта бөлек сатылады. *** Ішке орнатылған жадтың пайдаланушыға қолжетімді көлемі алдын ала орнатылған БҚ санына байланысты болуы мүмкін.

Game Booster қосымша – бір қадам алда бол

Смартфоныңда ойын ойнау өнімділігін Game Booster қосымшасының көмегімен барынша арттыр. Бағдарламаның ыңғайлы интерфейсі бүкіл ойын процесін оңай бақылауға мүмкіндік береді. Game Booster графиканың біркелкілігін және ойындардағы объектілердің табиғи қозғалысын қамтамасыз етеді. Ал қосымша әрекеттеріңді талдау арқылы аккумулятор шығынын азайтады және ойын процесі ұзағырақ болуы үшін ойындарды жүктеуді жылдамдатады.

Game Booster gives you the edge

Сенімді қорғаныс жүйесі енді барлығына қолжетімді

Смартфонға аппараттық және бағдарламалық деңгейде орнатылған Samsung Knox платформасы құрылғыңды қосылған сәттен бастап қорғайды. Бұл көпдеңгейлі қауіпсіздік жүйесі вирустардан және зиянды шабуылдардан қорғайды.

Defense-grade security available to everyone

Саусақ ізі – смартфоныңның сенімді қорғанысы

Galaxy A51 пайдаланушыны анықтаудың жоғары технологиялық биометриялық жүйесімен жабдықталған. Экрандағы саусақ ізі сканері бірегей саусақ ізіңізді танитын болады. Смартфонды бір ғана қозғалыспен блоктан шығарып, жеке деректеріңіздің қауіпсіздігі үшін алаңдамаңыз. Контент сізге ғана қолжетімді болады.

Your fingerprint is the key

* Егер қорғаныс үлдірін пайдаланған болсаңыз, оның экрандағы саусақ ізінің сканері жұмысына кедергі келтірмейтініне көз жеткізіңіз.

Bixby: аз сөздер, басқа заттар

  • *Bixby Routines Driving қосымшасы Bluetooth функциясы бар көліктерде ғана жұмыс істейді. **Графикалық құпиясөзді пайдаланар алдында Samsung аккаунтына қосылып, сервистік қызмет көрсету талаптарын қабылдау қажет. ***Сервистің қолжетімділігі елге және құрылғының түріне байланысты болуы мүмкін; түрлі құрылғылардағы пайдаланушы интерфейсі өзгешеленуі және түрленуі мүмкін; Bixby Vision функциясының қолжетімділігі мен контент провайдерлері түрлі елдерде әртүрлі болуы мүмкін; барлық ақпарат, контент, бейнелер не үшінші компаниялардың сынақ шарттары нақты болмауы және жаңартылған ақпаратқа сәйкес келмеуі мүмкін. ****Bixby жекелеген тілдерді және кейбір акценттерді/диалектілерді таниды, алайда Bixby сервисінің, оның функцияларының қолжетімділігі мен контент провайдерлері елге не тілге байланысты болуы мүмкін. Bixby толыққанды жұмыс істеуі үшін дерек жіберу жүйесіне және Wi-Fi желісіне қосылу қажет.
  • *Bixby Routines Driving қосымшасы Bluetooth функциясы бар көліктерде ғана жұмыс істейді. **Графикалық құпиясөзді пайдаланар алдында Samsung аккаунтына қосылып, сервистік қызмет көрсету талаптарын қабылдау қажет. ***Сервистің қолжетімділігі елге және құрылғының түріне байланысты болуы мүмкін; түрлі құрылғылардағы пайдаланушы интерфейсі өзгешеленуі және түрленуі мүмкін; Bixby Vision функциясының қолжетімділігі мен контент провайдерлері түрлі елдерде әртүрлі болуы мүмкін; барлық ақпарат, контент, бейнелер не үшінші компаниялардың сынақ шарттары нақты болмауы және жаңартылған ақпаратқа сәйкес келмеуі мүмкін. ****Bixby жекелеген тілдерді және кейбір акценттерді/диалектілерді таниды, алайда Bixby сервисінің, оның функцияларының қолжетімділігі мен контент провайдерлері елге не тілге байланысты болуы мүмкін. Bixby толыққанды жұмыс істеуі үшін дерек жіберу жүйесіне және Wi-Fi желісіне қосылу қажет.

Маңызды нәрсеге көңіл бөл

One UI пайдаланушы интерфейсі саған шын мәнінде маңызды дүниеге көңіл бөлуге көмектеседі. Аппараттық және бағдарламалық құралдың біркелкі жұмыс істейтіні соншалық, барлық функциялар мен контентті бұрынғыдан да жылдам аша аласың. Түнгі уақытта ыңғайлы жұмыс істеу үшін Түнгі режимді қос, ал түсінікті интерфейсінің арқасында смартфоның сенің жалғасыңа айналады.

Made to focus

*One UI интерфейсі функцияларының, қосымшалардың және сервистердің қолжетімділігі құрылғы түрі мен ОЖ нұсқасына және елге байланысты болуы мүмкін. ** Құрылғы мен экранның кескіні үлгіленген және мәтіннің көрнекі құралдары ретінде ғана қолданылады.

Саған құрылғыны тамаша күйде сақтау жолын айтып береміз

Galaxy смартфонын сатып алғаннан кейін жайлылық деңгейін сезін. Samsung Members қосымшасының көмегімен ақауларға интерактивті диагностика жүргізу және смартфоныңның жұмысын оңтайландыру оның жұмысқа қабілеттілігін жоғары деңгейде сақтауға және қажет болғанда жылдам сервистік көмек алуға мүмкіндік береді.

Keep your device in tip top condition with us

*Samsung Members қосымшасындағы кейбір функциялардың қолжетімділігі тауар сатылатын елге және құрылғы түріне баланысты болуы мүмкін. ** Құрылғы мен экранның кескіні үлгіленген және мәтіннің көрнекі құралдары ретінде ғана қолданылады.

Өзіңе ең лайықты смартфонды таңдау үшін жаңа Galaxy A желісімен таныс

Смартфондар желісін ұсынамыз, ол өзгелерге қолжетімді емес қазіргі буын мүмкіндіктерін ашады. Galaxy A сериялы жаңа телефонмен таныс болыңыздар. Era of Live дәуіріне арнап жасалған.

Check out the newGalaxy A series to findthe one for you

Galaxy J телефоныңды жаңа Galaxy А смартфонына дәл қазір ауыстыр

Біз J сериясының үздік сипаттарын алып, бұрынғыдан да керемет жаңа смартфондар – жаңа Galaxy A желісін жасап шығардық. J сериясы Era of Live смартфондарына қалай түрленгенін қара.

Upgrade your Galaxy Jnow with our newGalaxy A smartphones
  • 172 Салмағы (г)
  • 2.3ГГц, 1.7ГГц Процессор жиілігі
  • 164.0 мм (6.5") Өлшемі (негізгі дисплей)
  • Super AMOLED Түрі (негізгі дисплей)
  • дейін 87 Аудио ойнату уақыты (сағ.)
  • 1080 x 2400 (FHD+) Ажыратымдылығы (негізгі дисплей)

Ұқсас өнімдер

  • Бүкіл әлем шексіз экраныңда Infinity O-display
  • Таңдаулы стиль мен жайлылықтың үйлесімі Device design
  • Төрт камера Rear camera
  • Салмағы (г) 172

Ұқсас өнімдер

* Негізгі функция негізгі сипаттамалардан өзгеше болуы мүмкін.
* Барлық суреттер тек көрсетілім болып есептеледі, барлық керек-жарақтар бөлек сатылады.
Құрылғының барлық ерекшеліктері мен техникалық сипаттамалары сатылымды бастау кезінде өзекті, бірақ кейінірек алдын ала ескертусіз өзгеруі мүмкін.
* Пайдаланушыға қолжетімді кірістірілген жады құрылғының толық жадынан аз, себебі жадының кейбір бөлігі операциялық жүйе мен құрылғының жұмысын қамтамасыз ететін қолданбалар алып жатыр. Пайдаланушы жадысының шынайы көлемі байланыс операторына және кірістірілген БЖ жаңартуына байланысты болуы мүмкін.
* Аккумулятордың нақты сыйымдылығы (Втсағ) тұтынылатын токты кернеу мәніне көбейтумен анықталады. Бұл мәні құрылғыда көрсетілген сыйымдылық мәнінен (Втсағ) өзгеше болуы мүмкін, себебі біріншісі осы құрылғымен тұтынылатын нақты қуатқа, қосылған құрылғыларға және пайдалану жағдайларына байланысты.
* Желі: қолдау көрсетілетін жиіліктер ауқымы ауданға және желі провайдеріне байланысты.

* Батарея сыйымдылығы (мАч, типтік мән) - типтік шамалар үшінші тараптар жүргізген зертханалық зерттеулерде алынды. Әдеттегі мән - бұл IEC 61960 сәйкес келетін әдіс бойынша бірнеше үлгілердің сыйымдылығын өлшеу нәтижелерінің шашырауын ескеретін орташа мән. Сыйымдылықтың номиналды (минималды) мәні - 3890 мАч. Батареяның нақты қызмет мерзімі желі ортасына, пайдалану режиміне және басқа факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.

* 6,5 дюймдік экранның өлшемі экранның айналасында сипатталған тіктөртбұрыштың диагоналінің өлшемімен анықталады. Экранның бұрыштарында дөңгелектенуді ескеретін болсақ, бұл өлшем 6,3 дюймді құрайды.Дисплейдің нақты жұмыс аймағы дөңгеленген бұрыштардың болуына және камера объективінің ашылуына байланысты аздап аз болады.