Смартфон немесе планшет желіге қосылмай тұрғанын қалай білуге болады?

Соңғы жаңартулардың күні : 09.11.2026

Смартфон немесе планшет желіге қосылмай тұрғанын қалай білуге болады?

Егер құрылғы желіге қосылмаса, қоңырау шалуға тырысқанда осындай хабарлама пайда болады.

Осы жағдайда төмендегі ұсыныстарды орындаңыз.

Автономды режимді өшіріңіз

Автономды режимде барлық сымсыз желілер, соның ішінде ұялы байланыс та өшіріледі. Автономды режим қосылған кезде экранның жоғарғы жағында ұшақ белгішесі пайда болады. Егер құрылғыңызда осындай белгіше болса, автономды режимді өшіріңіз.

Ол үшін экранды құлыптан шығарып, жоғарыдан төмен қарай екі рет сырғытыңыз. Белгішелер тізімінен ұшақ белгішесін тауып, өшіріңіз.

Автономды режим

Егер желі қалпына келсе, құрылғыда мәселе жоқ.

Егер желі пайда болмаса немесе автономды режим қосылмаған болса, келесі ұсынысты орындаңыз.

Құрылғыны қайта іске қосыңыз

Желінің үзілуі кішігірім бағдарламалық ақауға байланысты болуы мүмкін. Ақауды жою үшін құрылғыны қайта іске қосыңыз.

Қайта іске қосу

Қайта іске қосқаннан кейін желі қалпына келсе, құрылғыны пайдалануды жалғастырыңыз, құрылғыда мәселе жоқ.

Қайта іске қосқаннан кейін желі қалпына келмесе, келесі ұсынысты орындаңыз.

Басқа оператордың SIM-картасы бар құрылғыны тексеріңіз

Желі ақаулы SIM-карта немесе байланыс операторындағы мәселелерге байланысты жұмыс істемеуі мүмкін. Басқа пайдаланушыларда сол оператордың қызметі қалыпты жұмыс істеуі мүмкін. Құрылғыңызды тексеру үшін уақытша басқа оператордың SIM-картасын салыңыз. Желінің пайда болғанын тексеріңіз.

Егер желі пайда болса, мәселе SIM-картада немесе байланыс операторында. Көмек алу үшін операторға хабарласыңыз.

Егер желі пайда болмаса, келесі ұсынысты орындаңыз.

Деректерді қалпына келтіріңіз

Егер жоғарыдағы ұсыныстар көмектеспесе, мәселе бағдарламалық ақауға байланысты болуы мүмкін. Оны жою үшін деректерді қалпына келтіріңіз. Деректерді қалпына келтіру кезінде жадыдан барлық файлдар жойылып, операциялық жүйе параметрлері қалпына келтіріледі де, қателер жойылады.

Егер деректерді қалпына келтіру көмектеспесе, мәселе физикалық ақауға байланысты болуы мүмкін. Диагностика және жөндеу жұмыстары үшін Samsung сервис орталығына жүгініңіз.


Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!