«Әркім үшін қолжетімділік» күйі барлық пайдаланушылар Samsung өнімдерінің артықшылықтарын бірдей қолдана алатынын білдіреді.

Ойластырылған инновация

"«Барлығына арналған технологиялық инновация» маңызды арттырып, өмірімізді қызықтырақ және көңілдірек етеді. Samsung барлық өнімдері, контент және сервистері әртүрлілікті мойындайтын және технологиялық жетістіктерді жүзеге асыруда түрлі әдістерді қабылдайтын адамға бағытталған философия негізінде жасалған.
Samsung шектеусіз барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді технологиялық инновацияларды жүзеге асырады."

Қолжетімділік философия қағидалары

Талдау және талқылау

Технологиялар мен өнімдер барлық пайдаланушылардың ұсыныстарын ескерумен әзірленген

Samsung компаниясының ұжымы әрдайым өнімдерді басқару процесін жеңілдетуге тырысады, әр пайдаланушының талабы мен ұсынысын ескеретін әртүрлі әдістемелерді енгізеді. Біз пайдаланушыларымыздың талаптарын мұқият тыңдап, оны түсінуге деген шынайы ынтамызды көрсетеміз.

Кешендік әдіс

Барлық пайдаланушы қызығушылығын ескеретін теңдестірілген әдіс

Біз өнімдеріміздің дизайны пайдаланушылардың барлық санаты үшін ыңғайлы болуына ұмтыламыз. Samsung компаниясы өндірістік технологиялардағы дискриминацияларды жояды және пайдаланушылардың физикалық және менталды кемшіліктері Samsung өнімдерін пайдалану қолжетімдігі мен ыңғайлығына әсер етпеуі қажет деп есептейді. Өнімдеріміздің өндірушілері мен дизайнерлері басшылыққа алуы тиіс норма мен ережелерді әзірлеу осы көзқарасты растайды. Әр өнімді әзірлеудің ең бастапқы сатысында өнімдерімізді адамдардың барлық санаттары қолдана алуына ұмтыламыз.

Тұтастық

Барлық өнімдерді пайдаланудың логикалық және интуитивті-түсінікті жолы

Samsung өнімдері физикалық қабілеттері шектеулі адамдар бұл өнімдерді пайдалануға арналған көптеген опционалды функциялармен жабдықталған. Қолжетімділіктің көптеген зерттеулері мен дизайнын әзірлеу Samsung барлық өнімдеріне пайдаланушының барлық санатына қолжетімді бірдей функционалдық деңгейді береді.

Ортақ шығармашылық

Дизайнды бірге әзірлейміз

Samsung компаниясында «өнім-сервис-оқыту» тізбегін қамтитын экожүйені әзірлейтін әртүрлі техника аймағындағы мамандардан тұратын арнайы құралған профессионалдар командасы бар. Мүгедектік деңгейі әртүрлі қызметкерлер, ғылыми-зерттеу институт мамандары және әртүрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері айтарлықтай пайдаланушының барлық санаттары қолдана алатын өнімдерді бірлесіп әзірлейді. Сонымен, біз мүмкіндіктері шектеулі пайдаланушылардың өнімдерімізді пайдалануын жеңілдету және оңайлату мақсатында қосымша инновациялық шешімдерді әзірлеу бойынша ұсыныстар конкурсын өткіземіз әрі қолдаймыз және әртүрлі қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары мен кеңестерін ескереміз.