Бренд

Galaxy Buds Pro
Цифрлық қолжетімділікті ескере отырып жасалған

Galaxy Buds Pro-дағы дыбыс қолжетімділігі озық технологиялы өмір сүруді айтарлықтай жеңілдетеді.

Егер есту қабілетіңіз төмен болса, толыққанды замануи өмірге ілесу қиын екені анық. Қуанышқа орай, тыңдауыштар технологиясы дамып, адамдардың өмірін жеңілдетуде. Galaxy Buds Pro сүйікті әуендеріңізді немесе подкасттарыңызды тыңдағанда сыртқы әлемнен оқшаулап қана қоймайды. Сонымен қатар, тыңдауыштарды теңшеу арқылы сыртқы әлемді көбірек естіп, дыбысты құлағыңызға немесе жиілікке қарай реттей аласыз.

Өзіңіздің дара балансыңызды табыңыз

Есту қабілеті жартылай не толықтай жоғалуы, белгілі бір жиілікте пайда болуы немесе әр құлақта әр түрлі болуы мүмкін. Galaxy Buds Pro рецептпен берілген есту аппараттарын алмастыра алмаса да, сіздің есту қабілетіңізді жоғалтуға қарсы тұруға біраз болсын көмегі тиіп, өміріңізді жеңілдетеді.

Adapt Sound есту қабілетіңізді тексереді, содан кейін сол және оң жақ тыңдауышты өзіңіздің ерекше қажеттіліктеріңізге сәйкес реттейді.¹ Ол жалпы дыбыс деңгейін өзгерте алады, тіпті белгілі бір жиіліктерді басты нысанға алып, қажет болғанда оларды жоғарылатады не төмендетеді, екі жақта да тиісті дыбыстық деңгейге жетуді қамтамасыз етеді.

Сыртқы әлемге есік ашыңыз

Active Noise Cancelling функциясы арқылы Galaxy Buds Pro сыртқы дыбыстарды өшіріп қана қоймай, сіз нұсқаған дыбыстарды күшейте де алады. Ambient Sound микрофондары қоршаған ортадан дыбыстарды таңдап алған соң, өз қалауыңыз бойынша оларды күшейте не азайта аласыз. Адамның дауысы немесе есіктің қоңырауы сияқты кейбір дыбыстарды күшейту немесе өшіру үшін параметрлерді дәл реттеуге болады. Новое исследование² Galaxy Buds Pro-дағы Ambient Sound функциясы есту қабілетін жартылай не толық жоғалтқандарға айтылған сөздерді жақсы түсінуге көмектесіп, қарым-қатынастың сапасын арттыруға ықпал етеді.

Ұзаққа жететін батареямен өмір сүр

Тыңдауыштар фильм немесе аудиокітаптың ортасында өшіп қала беретін болса, олардың цифрлық қол жетімділігі маңызды емес. Сөйлесу кезінде және сыртқы әлемді есту кезінде батареяның маңызы артады. Сондықтан Galaxy Buds Pro ұзақ уақыт жұмыс істеу үшін жасалған. Бір рет қуаттау 5 сағатқа жетеді, ал қуаттау кейсінде тыңдауыштар тағы 13 сағат жұмысқа шыдайды.

Транскрипция қызметін пайдалана аласыз
Әңгімеде өзге тарапты естуде қиындықтар туындай ма? Дауыс Жазу (Диктофон) қосымшасын ашыңыз, Дыбыстық Жазбалар арқылы ауызша айтылғанды мәтінге айналдырыңыз.

Дыбысты бір рет түрту арқылы басқарыңыз

Galaxy Buds Pro сіздің құлағыңызда болғанда, телефоныңызды шығармай-ақ, қоршаған ортаңыздағы өзгерістерге оңай бейімделе аласыз. Сенсорлық басқару элементтерімен музыка мен подкасттарды кідіртуге немесе өткізіп жіберуге, телефон қоңырауларын қабылдауға және аяқтауға, қажет болғанда Ambient Sound қосу үшін сенсорлық басқару элементтерін реттеуге болады.

A woman in a hooded sweatshirt and jacket closes her eyes and enjoys the music playing on her Galaxy Buds Pro. A woman in a hooded sweatshirt and jacket closes her eyes and enjoys the music playing on her Galaxy Buds Pro.

Bixby көмекке келеді

Дыбыс қолжетімділігі екі жолмен жұмыс істейді: есту қабілеті нашар адамдарға дыбысты қол жетімді ету, содан кейін жалпы қол жетімділікті арттыру үшін аудио технологияны қолдану. Жай ғана “Hey Bixby” деп айтып, сіз Шуды Белсенді Өшіру функциясын қоса аласыз, \ Galaxy Buds Pro сенсорлық панелін бұғаттаудан шығара аласыз немесе батарея деңгейін тексере аласыз.

  • ¹Adapt sound қызметі Galaxy S, Galaxy Note, Galaxy Zсерияларында бар.
  • ²https://news.samsung.com/global/galaxy-buds-pro-effective-for-people-with-hearing-loss-study-reveals
  • ³Белсенді шу бәсеңдеткіш және Ambient Sound функциялары үйлесімді құрылғыға Bluetooth арқылы қосылуды талап етеді. Қоршаған ортадағы дыбыс деңгейі сияқты жетік функциялар тек Android 7.0 не одан да жоғары жүйе мен 1,5 ГБ не одан жоғары ЖЖҚ-мен жұмыс істейді. Android құрылғыларындағы Galaxy Wearable app арқылы жұмыс істейтін жетік функцияларды Google Play Store-да жүктеуге болады.
  • ⁴Bixby мүмкіндіктері мен контент жеткізушілерінің қол жетімділігі ел мен тілге байланысты әр түрлі болады; Bixby ағылшын (британдық және американдық), француз (Франция), неміс (Германия), итальян (Италия), корей (Оңтүстік Корея), қытай (Мандарин қытай), испан (Испания) және португал (Бразилия) тілдерінің кейбір акценттері мен диалектілерін таниды. Bixby функциялары толық жұмыс істеуі үшін Galaxy Buds Pro деректер желісі немесе Wi-Fi арқылы Samsung Galaxy құрылғысына қосылып тұру тиіс. Samsung аккаунтіне кіру талап етіледі.

Дұрыс таңдау жасаңыз

Samsung кез келген технологияда қолжетімділікті бірінші орынға қояды. Galaxy Buds Pro және Galaxy S21 5G-мен айналадағы дыбыстарды естіңіз.

Келесіні оқыңыз