Бренд

The Serif дизайн тарихы

Ағайынды Буруллектер шығарған The Serif дизайны теледидарға жаңа әсемдік береді.

Буруллек Ронан және Эрван үйреншікті заттарға көркемдік сыйлайды. Олар ең танымал Vitra, Hay, Kartell және басқалар сияқты дизайн саласындағы тұлғалардың назарына ие болды. Эрван Буруллек дизайнның эстетикалық құндылығын және оның The Serif дизайнына қалай үйлескенін айтып тұр.

«The Serif уақыт ішінде саяхаттай алады»

Samsung компаниясына берген сұхбатында Буруллектер дизайн принципі және The Serif дизайнын жасау кезіндегі эстетикалық құндылық туралы және кеңістікті кеңейтетін жаңа Samsung ТД туралы әңгімелейді. Олардың Vitra France шоурумында идеяларын талқылап жатқаны көрсетіледі. Samsung компаниясына берген сұхбатында Буруллектер дизайн принципі және The Serif дизайнын жасау кезіндегі эстетикалық құндылық туралы және кеңістікті кеңейтетін жаңа Samsung ТД туралы әңгімелейді. Олардың Vitra France шоурумында идеяларын талқылап жатқаны көрсетіледі.

Шексіз әрі ғажап

Буруллектерді бірегей жиһаз дизайнерлері деп санау оларды бағаламаумен тең, өйткені олардың жұмыс ауқымы қиял шектерінен асады. Буруллектер функционалдық мүмкіндіктерді немесе нысанның ішкі мүмкіндіктерді іске асыруға тырысады. Нәтижесінде, жай ғана теледидар бола тұра, The Serif әсем келбеті мен көркін сақтап, өзінің заманауи дизайн әлеміндегі орнын белгілейді.

Қоршаған ортаға оңай бейімделеді

Буруллектердің басқа заттары сияқты The Serif теледидары да қоршаған ортаға оңай бейімделеді. Теледидардың қара, ешнәрсесі жоқ экраны Ambient режимімен алмастырылған, бұл шексіз далаға ойлана қарау немесе жаңбыр тамшыларымен бірге сезімге берілу сияқты поэзиялық әсер береді. Ambient режимі «Теледидардың жоқ болуын қалаған кезде оның дауысын сәл басып қойып», біраз тыныштықта отыру.

Бүтіндігімен кеңістіктерді жалғайды

І-пішінінің қалың симмертиясының арқасында The Serif теледидарын сөре ретінде пайдаланып, басқа да әрекеттесу жолдарын сынап көруге болады. Сондықтан, кеңістікте алыс болып көрінетін теледидарларға қарағанда The Serif кеңістіктерді жалғап қана қоймай, адамдармен жүйелі қарым-қатынас құруға көмектеседі. Ішкі жағы коллаж болса, The Serif кеңістікпен және уақытпен үйлескен біртұтас бөлік болар еді.

«The Serif теледидарының І-пішіні кез келген жерге ыңғайлы орналастыруға болатын әдемі кескінге ие»

Уақытқа тәуелсіз әрі шығармашыл

Уақыт өте келе болашақ өткен шаққа айналады. Алайда, Ронан және Эрван Буруллектер жасаған заттар уақыт өте келе тозбайды, өйткені олар «дәл қазіргі уақыттың» серпінін береді. «Уақыт ішінде сапар шегетіндей» жобаланған The Serif адамдар қанша уақыт өтсе де есінде сақтайтын шығармашылықпен жасалған зат.

Кеңістікке бірегей әсер беру

Буруллектердің The Serif дизайны сіздің кеңістігіңіздің әсемдігін толықтырады.

Бұдан кейін мына оқиғаларды оқыңыз