Photography

Алтын сағат

Демалыстан тамаша фотосуреттермен оралу жолы.

Golden hour photography settings and sunset photography tips Golden hour photography settings and sunset photography tips

Алтын сағат — күн шығыстан кейінгі немесе дейінгі аз уақыт кезеңі, айналаның барлығы нәзік алтын реңкке боялатын және фотосуреттер ешбір әсер мен реттеусіз тылсым болып шығатын кез. Әлемнің сүйікті аймағына алтын кадр үшін барыңыз — оқырмандарды міндетті түрде таң қалдырасыз!

Skateboarders at sunset with the Galaxy S8 Skateboarders at sunset with the Galaxy S8
1

Сәтті жіберіп алмаңыз

Алтын сағат кенеттен пайда болады және өкінішке орай 60 минуттан кем уақытқа созылады, сондықтан онымен кездесуге алдын ала барған жөн. Артық уақытты түсіру нүктесін таңдауға және алдағы фотосессияны жоспарлауға арнайсыз. Дайындық жоғары болғаны жақсы, себебі алтын сағаттың әрбір минуты қымбат. Есесіне тамаша нәтиже міндетті түрде болады!

Sunset photography captured with the Galaxy S9 Sunset photography captured with the Galaxy S9
Burst Mode on the Galaxy S9 Burst Mode on the Galaxy S9
Сериялық түсіру
Galaxy S9 смартфонында сериялық түсіру режимінде алтын сағатта ең қымбат сәтті ұстау үшін үздіксіз ондаған сурет түсіріңіз.
2

Сан сапаға ауысқан кезде

Алтын сағат қалай келсе, солай жылдам кетеді, сонымен қатар жарық әр минут сайын ауысады. Егер үздіксіз түсірсеңіз, фотосетіңізде міндетті түрде ең үздік жарығы бар сурет болады. Егер сериялық түсіру режимін қоссаңыз, көбірек нұсқалар мен ракурстарды түсіріп үлгересіз!

Pro Mode lets you adjust your ISO camera settings for sunrise and sunset Pro Mode lets you adjust your ISO camera settings for sunrise and sunset
3

Оптикалық шиеленіс

Фототүсіру кәсіпқойлары алтын сағатты тек ерекше түсі үшін ғана бағаламайды. Ұзартылған көлеңкелер және романтикалық мұнар суретке визуалды динамика мен көлем береді, жұмсақ жарық тіпті күн фонында түсіруге мүмкіндік береді. Пейзаждық және портреттік фото бұл сиқырлы уақытта бірдей жақсы шығады. Әртүрлі ракурстарды көріп, көлеңкелер ойнауын түсіріп қалыңыз!

Rooftop sunset photography with the Galaxy S7 Edge Rooftop sunset photography with the Galaxy S7 Edge
4

Қайсысы жақсы?

Өңдеу керек пе әлде керек емес пе? Көбісі визуалдық өңдеу кадрдың бастапқы ерекшелігі мен шынайылығын жояды деп ойлайды. Фильтрлерді пайдалану — тек сіздің еркіңізде. Тек есіңізде болсын, смартфон — дайын визуалды әсерлер қазынасы.

Сиқыр сіздің қолыңызда

Енді мүмкін емес болып көрінген нәрсені істей аласыз. Samsung Galaxy S9 смартфонына әлсіз жарықтану жағдайында да тамаша кадрлер түсіріңіз: қос апертура, автоматты реттеу және F1.5 режимімен фото тәуліктің кез келген уақытында жарқын және қанық болады.

Сондай-ақ оқыңыз