24" жаңарту жылдамдығы 144 Гц
иілген ойын мониторы

24" жаңарту жылдамдығы 144 Гц
иілген ойын мониторы

LC24RG50FQIXCI

  • Экран ажыратымдылығы: 1 920 x 1 080
  • Панель типі: VA
  • Жаңару жиілігі: 144 Гц
  • Жауап уақыты: 4 мс (GTG)
  • Экран ара-қатынасы: 16:9

Мөлшері таңдаңыз

  • Dive Into the Curve
    1800R иілген экран
  • 144 Гц жаңарту жылдамдығы
    144 Гц жаңарту жылдамдығы
  • Ойын режимі
    Ойын режимі
  • Freesync технологиясы
    Freesync технологиясы

Ұшқыр жылдамдық, ойынға толық ену

Иілген пішіндегі Чемпион

Иілген мониторлар арасында көшбасшы Samsung 2015 жылы әлемге инновациялық дисплейлерді бірінші болып ұсына отырып, иілген мониторлар нарығында көшбасшы болып келеді. Осы өнім желісін жасаудағы жетекші технологияның арқасында Samsung иілген мониторлары нарық үлесі және тұтынушылар таңдауы бойынша тұрақты бірінші орында.

Жаңа пішінді таңдаңыз

Жеңімпаздың құралы. Терең дөңгеленген 1800R иілген экраны арқылы әр ойынға толық еніңіз. Экранның пішіні концентрацияңызды арттырады, яғни жеңістеріңіз де артады. Көзге күш салмай ұзақ уақыт ойнай аласыз.

Бірқалыпты әрі жылдам графика

Әрекеттер әрқашан бірқалыпты және анық көрінеді. 144 Гц дейінгі жаңарту жылдамдығы сізді тіпті ең қиын ойындарда да алдыңғы қатарға шығарады. Әп-сәтте жауыңыздың орнын анықтап, әр кадрдағы маңызды әрі өте шағын өзгерістерді байқаңыз. Жаңарту жылдамдығы 60 Гц, 100 Гц не 120 Гц дейін жеңіл өзгертіледі.

Геймерлер үшін эксклюзив

Ойыныңыз үшін мінсіз баптауларды орнатыңыз. Ойын режимі кез келген ойын жанры үшін гамма-коррекцияны, контрастты, айқындылық пен түсті оңтайлы реттейді. Енгізу кідірісі төмен режимі (Low Input Lag Mode) сіздің енгізу құрылғыларыңыз бен дисплей арасындағы кідірістерді азайтады. Виртуалды көздеу нүктесі экрандағы нысанды жауға дәлірек шабуыл жасау үшін бағыттайды.

Мінсіз көрініс

Бұлыңғыр ойындар енді артта қалды. AMD Radeon FreeSync™ суреттерді тегістеп, ойындағы кадрларды бірқалыпты әрі жылдам етеді. Экрандағы бейненің динамикалық бейімделген жаңару жылдамдығы арқасында ең қиын деген ойын сахналарының өзі кідіріссіз және жылдам көрсетіледі.

Көзіңіз сергек болса, көбірек жеңесіз

Енді ұзағырақ ойнауға болады. Көзді қорғау режимі (Eye Saver Mode) ұзақ уақыт ойнау кезінде көзді сергек күйде сақтау және оған жайлылық беру үшін көгілдір жарықты азайтады. Flicker Free технолгиясы экранның шаршататын және қажытатын жыпылықтауын төмендетеді, сол себепті көзге күш салмай фокусты ұзақ уақыт ұстап тұра аласыз.

Қараңғыда көру

Оларға жасырынуға орын қалдырмаңыз. Аса жоғары 3000:1 контраст арқылы сіз қауіпті нысандар мен жауларыңызды анығырақ көре аласыз. Көптеген аралық реңтердің арқасында қара түстер тереңірек, ал ақ түстер жарығырақ бола түседі. Жауларыңыз қараңғы жерлерге жасырынса да, оларды уақыт жоғалтпай байқай аласыз.

Сипаттамалары

  • Экран қисықтығы 1800R
  • Экран шеттерінің ара салмағы 16:9
  • Айқындығы (типтік мән) 250 кд/м2
  • Ажыратымдылығы 1 920 x 1 080
  • Жауап уақыты 4мс (GTG)
  • Жаңару жиілігі 144 Гц

{{family.currentModel.displayName}}

{{family.currentModel.modelCode}}

Түсі : {{chip.displayName}}
{{model.prices.currentPriceDisplay}}
Айына {{model.prices.monthlyPrice}} , {{model.prices.months}} айға бөліп төлеу
немесе {{model.prices.currentPriceDisplay}}
Price without VAT: {{model.prices.vatFreePriceFormatted}}

Price with discount: {{model.prices.currentPriceDisplay}}

Price before: {{model.prices.priceDisplay}}

{{model.prices.priceDisplay}} {{model.prices.savePrice}}
  • {{summary.title}}

    {{summary.value}}{{summary.unit}}

  • {{summary.title}}

Модельдерді салыстырыңыз

Ұқсас өнімдермен салыстырыңыз

ЖАҚЫНДА ҚАРАЛҒАНДАР

* Негізгі функция негізгі сипаттамалардан өзгеше болуы мүмкін.