49" QLED Dual QHD ажыратымдылығы бар ойын мониторы

Сатып алыңыз да, сыйлық алыңыз!

Сатып алыңыз да, сыйлық алыңыз!

Galaxy Buds2 Pro 49" диагональға сыйлыққа

Акция 30 қыркүйекке дейін

Сатып алыңыз да, сыйлық алыңыз! Сатып алыңыз да, сыйлық алыңыз!

49" QLED Dual QHD ажыратымдылығы бар ойын мониторы

LC49RG90SSIXCI

  • Экран ажыратымдылығы: 5,120 x 1,440
  • Панель типі: VA
  • Жаңару жиілігі: 120 Гц
  • Жауап уақыты: 4 мс (GTG)
  • Экран ара-қатынасы: 32:9

Мөлшері таңдаңыз

  • Екі еселенген QHD форматты дисплей
    Екі еселенген QHD форматы
  • Супер кең көлемді және қиғаш монитор
    Қиғаш экран
  • HDR1000 және QLED технологиясы
    HDR
  • AMD FreeSync Premium Pro технологиясы
    AMD FreeSync технологиясы

Көру алаңының кеңдігі. Жеңіс кепілдігі

Екі еселенген QHD форматты дисплей

5120 x 1440 ажыратымдылығы бар Dual QHD форматты CRG9 экраны бейненің егжей-тегжейіне дейін көрсететін өте үлкен әрі кең пропорцияны қамтамасыз етеді. Екі қатарлас орналасқан 27 дюймді, QHD форматқа тең экран кеңістігі мен 49 дюймді қиғаш монитор ойынның ұтымды көрінісін ұсынады.

Супер кең көлемді және қиғаш монитор

32:9 экранды Super Ultra-Wide форматы мен CRG9 қиғаш мониторы айналаңызды жаулап алып, сізге экрандағы ойынға толық үңілуге мүмкіндік береді.

HDR1000 және QLED технологиясы

HDR1000 технологиясы кеңейтілген динамикалық диапазондағы HDR мазмұнын толық көрсету үшін 1000 нит жарықтылығын қамтамасыз етеді. Samsung QLED технологиясы DCI-P3 стандартына сәйкес 95% түстерді ұсынады, бұл түстерді таза, ашық және табиғи етеді.

AMD FreeSync Premium Pro технологиясы

Бейімделген синхронды технологиясына негізделген AMD FreeSync технологиясы экранның тұрақсыздығын төмендету қызметін атқарады. FreeSync Premium Pro технологиясы HDR мазмұнын көрсетуді, кіріс сигналының кідірісін және кадрдың жылдамдығын төмендетуді (Low Framerate Compensation (LFC)) қамтамасыз етеді, бұл динамикалық ойын көріністерін біркелкі көрсетуді қамтамасыз етеді.

Экранды жаңарту жиілігі 120 Гц

120 Гц жылдам жаңартылатын экран бірқалыпты ойынды қамтамасыз ету үшін кескіндердің қалысуын және қозғалыстың бұлыңғырлануын барынша төмендетеді. Пайдалануға ыңғайлы 60 Гц баптаулары дисплей баптаулары мәзіріне кірмей-ақ, өнімділікті дисплей экраны арқылы жылдам оңтайландыруға мүмкіндік береді.

* 120 Гц жаңарту жиілігін қолдану барысында түсті қолдау функциясы 16.7М дейін шектеледі.

Жеңіс үшін ойнау

Ойынға оңтайландырылған монитор тек жеңіске жетуге бел буған адамдарға арналған. Кез келген жанрдағы ойынның контрастылығы мен түстердің репродукциясын дереу реттеу үшін ойын режимін қосыңыз, пернетақтаға жауап беруді жылдамдату үшін «Кірудің кідірісі» режиміне (Low Input Lag Mode) ауысыңыз, ал экрандағы нысанаға дәл тигізу үшін Virtual Aim Point onscreen виртуалды айқыш нүктесі көмектеседі.

Picture-by-Picture функциясы

Picture-by-Picture функциясының көмегімен сізге бастапқы суреттің сапасын төмендетпей-ақ кіріс көздерін қосуға және көруге болады. Picture-by-Picture функциясы дербес компьютер ойындары үшін барлық жағдайды ұсынады. Мысалы, сіз өз сүйікті ойыныңызды ойнап жатқан сәтпен қатар, бір уақытта фильм көріп немесе интернеттен ақпарат іздеуге болады.

Көру жайлылығы

Eye Saver режимі шаршағандықты тудыратын көгілдір жарық шығаруды азайтады, ал Flicker Free технологиясы экранның жылтылдауын төмендетіп, сізге көзіңізге күш салмай ұзақ ойынауға мүмкіндік береді.

Ыңғайлы қарау

Айналмалы, еңкеймелі және биіктігі реттелетін тіреуіш экранды өзіңізге жайлы орналастыру үшін барлық икемділікті ұсынады. Бекітпелі VESA Standard панелі VESA сәйкес кронштейндерге орнатуға да мүмкіндік береді.

Сипаттамалары

  • Экран қисықтығы 1800R
  • Экран шеттерінің ара салмағы 32:9
  • Айқындығы (типтік мән) 600 кд/м2
  • Шыңдық айқындығы (қалыпты) 1000 кд/м2
  • Статикалық кереғарлығы 3,000:1(Typ)
  • Ажыратымдылығы 5,120 x 1,440

{{family.currentModel.displayName}}

{{family.currentModel.modelCode}}

Түсі : {{chip.displayName}}
{{model.prices.currentPriceDisplay}}
Айына {{model.prices.monthlyPrice}} , {{model.prices.months}} айға бөліп төлеу
немесе {{model.prices.currentPriceDisplay}}
Price without VAT: {{model.prices.vatFreePriceFormatted}}

Price with discount: {{model.prices.currentPriceDisplay}}

Price before: {{model.prices.priceDisplay}}

{{model.prices.priceDisplay}} {{model.prices.savePrice}}
  • {{summary.title}}

    {{summary.value}}{{summary.unit}}

  • {{summary.title}}

Модельдерді салыстырыңыз

Ұқсас өнімдермен салыстырыңыз

ЖАҚЫНДА ҚАРАЛҒАНДАР

* Негізгі функция негізгі сипаттамалардан өзгеше болуы мүмкін.