«SAMSUNG сыйлыққа келесі сатып алуға жеңілдік купоны»
АКЦИЯСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 «SAMSUNG сыйлыққа келесі сатып алуға жеңілдік купоны»Акция») акциясына қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатыса отырып, қатысушы Акцияға қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») келіседі.

1.       Жалпы ережелер

1.1.    Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Алматы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115 үй, 3-қабат.

1.2.    Акцияны өткізу кезеңі: 2023 жылдың 17 – 18 наурыз аралығында, 10:17 бастап – 03:17 дейін (17 сағат қоса санағанда);

1.3.       Акцияны өткізу қалалары: бүкіл ҚР

1.4.       Акцияның Ресми Серіктесі: Samsung ресми интернет-дүкені - https://www.samsung.com/kz_ru/; https://www.samsung.com/kz_kz/

 

 

2.      Акцияға Қатысушы

Осы Ережелердің барлық шарттарын орындаған 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар тұлғалар, сонымен қатар Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар шетелдік азаматтар Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»).

3.      Акцияның сипаттамасы

Осы Ережелерге сәйкес,  Қатысушы осы Ережелерде берілген барлық шарттарды орындап, осында көрсетілген Samsung тауар белгісімен теледидарлар мен проекторлар сатып алған жағдайда Ұйымдастырушыдан сыйлықтар алу мүмкіндігін алады.

4.      Акцияға қатысу шарттары:

Акцияға қатысу үшін, Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы тиіс:

4.1.       Акцияны өткізу кезеңінде Онлайн-дүкенде (https://www.samsung.com/kz_ru ; https://www.samsung.com/kz_kz/) SAMSUNG тауар белгісімен төмендегі 1-Кестеде көрсетілген тауарлардың бірін сатып алуы керек («Тауар»).

4.2.       Төмендегі Кестеге-1 сәйкес Ұйымдастырушыдан сыйлық алу («Сыйлық»).

4.3.       Купонды SMS түрінде теледидар/проектор сатып алған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күні ішінде жіберіледі.

4.4.       Купонды SMS хабарлама алған сәттен бастап бір айдың ішінде активациялау қажет.  

4.5.       Купон тауарлардың басқа санаттарына қолданылмайды.

4.6.       Сыйлық саны шектеулі. Сыйлықтар ақшаға немесе басқа тауарларға ауыстырылмайды. Акцияға қатысушы Сыйлық алудан бас тартуы мүмкін, осы ретте Қатысушыға ақша/өтемақы төленбейді.

 

5.       Басқа шарттар

5.1.    Қатысушы келесі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан айырылады:

·        Акцияның қандай да бір шарттарын бұзса;

·        Қатысушының деректері жалған/ қате берілсе;

·        30 күн ішінде Ұйымдастырушы Қатысушы көрсеткен байланыс деректері бойынша байланыса алмаса;

·        Алаяқтық немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер анықталса.

Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушы Ережелерді ұстанудан толығымен және/немесе ішінара бас тартса, бұл Қатысушының Акцияға қатысудан толығымен бас тартуы болып саналады;

5.2.    Акцияны орындау барысында Қатысушыдан жеке куәлігі және оның көшірмесін ұсыну Қатысушыны Өтінімде көрсеткен тұлғамен идентификациялау үшін талап етілуі мүмкін;

5.3.    Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда, кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Акцияны өткізу/жүзеге асыру шеңберіңде әрекет ететін Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға/өңдеуге/беруге/таратуға/орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы.  Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы мен үшінші тұлғалар, соның ішінде «Cheil Kazakhstan» ЖШС (Чейл Казахстан) және Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары  берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді.  Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады;

5.4.    Ұйымдастырушы Интернет желісіндегі Акция бетінде тиісті хабарламаны орналастыру жолымен Қатысушыға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы: Хабарландыру күні акция сайтында немесе бағдарламада тиісті ақпаратты жариялау күні немесе шарттар өзгерген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Қатысушы Акцияға қатысудан бас тарту арқылы өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күннің аяқталуынан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскені болып қабылданады;

5.5.    Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірлімді жүргізуге, оның кескіні/қатысуы бар тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының Сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының/ Акциямен байланысты беттерінде орналастыруға келісімін береді;

5.6.    Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген құмар ойын болып табылмайды;

5.7.    Қатысушыға пікір алу үшін Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы пікір білдіруден бас тарта алады;

5.8.    Осы интернет-сайт және оның мазмұны ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық Кодексінің 395 бабында берілген ережелермен анықталатын жария оферта болып табылмайды. Модельдің сипаттамасы алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Құрылғылардың саны шектеулі. Нақты түсі басқа болуы мүмкін және барлық суреттер анықтама үшін берілген.

 

Акцияға қатысты барлық сұрақтар бойынша Серіктестер дүкендерінің кеңесшілеріне немесе Ұйымдастырушының байланыс ақпараты бойынша хабарласыңыз.

 

Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс ақпараты:

8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін;

7799 – Қазақстанның кез келген ұялы телефон операторының нөмірінен қонырау шалу тегін.  

 

Кесте-1:

«SAMSUNG теледидарын немесе аудио сатып алып, сыйлыққа келесі сатып алуға жеңілдік купоны»

 

Модель

Келесі сатып алуға жеңілдік купон

SP-LSP9TUAXCE

20 %

SP-LSP7TUAXCE

20 % 

QE85QN85BAUXCE

17 % 

QE65QN95BAUXCE

17 % 

QE50QN90BAUXCE

17 % 

QE55LS03BAUXCE

17 %

QE55Q80BAUXCE

17 % 

QE55Q70BAUXCE

17 %

QE85Q60BAUXCE

17 % 

QE65Q60BAUXCE

17 % 

QE55Q60BAUXCE

17 % 

UE75AU7100UXCE

17 % 

UE65AU7100UXCE

17 %

UE55AU7100UXCE

17 % 

UE50AU7100UXCE

17 % 

HW-S801B/RU

17 % 

HW-Q700B/RU

17 %