Galaxy A40

Шексіз әлемге арналған жақтаусыз экран

Galaxy A40 телефонының 5,9 дюймдік шексіз U экранымен өзіңіз үшін маңызды нәрсеге жақындай түсіңіз. Жақтаусыз экран бүкіл алдыңғы беттің бір шетінен екінші шетіне дейін алып жатыр. FHD+ анықтығы және sAMOLED түстің көрсетілуі арқасында сүйікті бейнеблогтарыңызға және тікелей трансляцияларға толықтай шомуыңызға болады.

* Суреттер көрнекілік үшін үлгі ретінде берілген. ** Шексіз экран: телефонның алдыңғы бетін толық алатын жақтауы жоқ деуге болатын дисплей. *** Экраны дөңгелектелген бұрыштарын есепке алмағанда диагональ бойымен тікбұрыш ретінде өлшенген. Дөңгелектелген бұрыштар мен камера саңылауының болуы іс жүзіндегі шолу аймағын кішірейтеді.

Жұқа және шағын

Galaxy A40 алақанға оңай орналасатын шағын құрылғыларды ұнататын адамдарға арнайы жасалған. Смартфон корпусы ақ, қара және көк түсте ұсынылған. Ал артқы 3D панелі мен саусақ іздерінің сканері корпусқа барлық жағынан қарағанда біркелкілік көрініс береді.

Екі есе көп әсер алу мүмкіндігі

Galaxy A40 адам көзінің қарау бұрышы сияқты 123 градусқа тең қарау бұрышы бар ультра кең бұрышты камерамен және күннің кез келген уақытында жарқын әрі анық суреттер түсіретін 16 мегапиксельді камерамен (F1.7) жабдықталған.

* Суреттер көрнекілік үшін үлгі ретінде берілген.

Есте қаларлық сәттерді сақтаудың бұрынғыдан да көбірек жолы.

Galaxy A40 аса кең бұрышты камерасымен әлемнің барлық қыр-сырын суретке түсіріп алыңыз. Ал 16 МП негізгі камерасының арқасында күндізгі және түнгі кез келген уақытта суреттеріңіз жарқын әрі анық болып түседі.

Есте қаларлық сәттерді сақтаудың бұрынғыдан да көбірек жолы.

Galaxy A40 аса кең бұрышты камерасымен әлемнің барлық қыр-сырын суретке түсіріп алыңыз. Ал 16 МП негізгі камерасының арқасында күндізгі және түнгі кез келген уақытта суреттеріңіз жарқын әрі анық болып түседі.

Есте қаларлық сәттерді сақтаудың бұрынғыдан да көбірек жолы.

Galaxy A40 аса кең бұрышты камерасымен әлемнің барлық қыр-сырын суретке түсіріп алыңыз. Ал 16 МП негізгі камерасының арқасында күндізгі және түнгі кез келген уақытта суреттеріңіз жарқын әрі анық болып түседі.

  • * Суреттер көрнекілік үшін үлгі ретінде берілген.

Жаңа деңгейде фотосуреттер түсіріңіз

Бірінші кадрдан бастап мінсіз фото. Бұл функция тағамды болсын, үй жануарыңызды болсын немесе сүйікті заттарыңызды болсын суретке түсіргенде объектіні танып, оны жасанды интеллект көмегімен жақсартады. Бүкіл әсемдігімен шынайылықты суретке түсіріп алу үшін қанықтылық, ақ түс пен жарықтық балансының мәндері оңтайландырылады.

Жаңа деңгейде фотосуреттер түсіріңіз

Бірінші кадрдан бастап мінсіз фото. Бұл функция тағамды болсын, үй жануарыңызды болсын немесе сүйікті заттарыңызды болсын суретке түсіргенде объектіні танып, оны жасанды интеллект көмегімен жақсартады. Бүкіл әсемдігімен шынайылықты суретке түсіріп алу үшін қанықтылық, ақ түс пен жарықтық балансының мәндері оңтайландырылады.

  • * Суреттер көрнекілік үшін үлгі ретінде берілген. ** «Кескінді оңтайландыру» функциясымен 20 режимді пайдалануға болады: Тағам, Бет әлпеттер, Гүлдер, Ғимарат ішінде, Иттер, Пейзаж, Жасыл өсімдік, Ағаштар, Аспан, Таулар, Жағажайлар, Күннің батуы, Жағалау, Қала, Түнгі түсірілім, Сарқырама, Қар, Құс, Мәтін, Жарықтандыру. *** «Кескінді оңтайландыру» функциясының дәлдігі түсіру жағдайларына, соның ішінде фокустағы объектілердің саны мен олардың қозғалысына байланысты болады.

Өзіңізді жақсы жағыңыздан көрсетіңіз

Селфилер керемет болып шығуға тиісті. Анықтығы 25 мегапиксель алдыңғы камера анық күндізгі түсірілімдерге кепілдік береді, ал түнгі түсірілімдер түннің өзінде фотолар айқын болу үшін шу деңгейін азайта отырып көбірек жарық алады. Сондықтан енді сізде күннің кез келген уақытында тамаша селфилер болады. Фонды жұмсақ бұлыңғырлайтын селфи-фокус функциясының арқасында сіз назар орталығына алынып, нәтижесіне көңіліңіз толатын болады.

* Суреттер көрнекілік үшін үлгі ретінде берілген.

Даралығыңызды ерекшелей түсіңіз

Енді өзіңізді көрсетудің бұрынғыдан да көп жолы пайда болды. Селфимоджи жасап оны баптағаннан кейін достарыңызға жіберіп, көңіл-күйіңізбен бөлісіңіз. Фотосуретіңізді селфимоджидегі стикерлермен, сүзгілермен және мөрлермен безендіріңіз — олар артық сөзсіз-ақ бәрін айтып береді.

* Суреттер көрнекілік үшін үлгі ретінде берілген.

Сенім артуға болатын аккумулятор

Қазіргі өмірдің динамикалық ырғағында сізге сенім арта алатын телефон қажет. Типтік сыйымдылығы *3100 мА сағ аккумулятор контентті трансляция жасауға және көрсетуге, сондай-ақ ойын ойнауға мүмкіндік беретін бір күнге жететін қуатпен қамтамасыз етеді. Ал жүктемені қате есептеген болсаңыз, Galaxy A40 құрылғысының қуаты 15 Вт жылдам қуаттау функциясын қолдансаңыз болғаны.

* Басқа зертханада тексерілген типтік мән. Стандартты мән — IEC 61960 стандарттарына сәйкес сыналған аккумулятор үлгілері арасында сыйымдылықтары бойынша айырмашылықтар ескеріліп есептелген орташа мән. Номиналды (минималды) сыйымдылық 3020 мА сағ құрайды. Аккумулятордың нақты қызмет ету мерзімі желі ортасына, пайдалану тәсілдеріне және басқа факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.

Ойындарға арнап жасалған

Galaxy A40 талап қойғыш қолданбалар мен ойындарға жақсы келеді. 4 ГБ оперативтік жад ешбір тоқтаусыз ойнауға мүмкіндік береді, ал 64 ГБ орнатылған жад арқасында алаңдаудың мүлде қажеті жоқ.

Сипаттамалары

  • Процессор жиілігі 1.8ГГц, 1.6ГГц
  • Өлшемі (негізгі дисплей) 149.2 мм (5.9")
  • Ажыратымдылығы (негізгі дисплей) 2340 x 1080 (FHD+)
  • Түрі (негізгі дисплей) Super AMOLED
  • Салмағы (г) 140
  • Аудио ойнату уақыты (сағ.) дейін 62

Қолдау

Өнім туралы сұрағыңызға жауап табыңыз

Өнімді қолдау Көбірек мазмұн
Пайдаланушы нұсқаулығы және жүктеу материалдары
  • User Manual (Android 11)
    MULTI LANGUAGE
  • User Manual
    MULTI LANGUAGE
  • User Manual (Android 11)
    MULTI LANGUAGE
  • User Manual (Android 11)
    MULTI LANGUAGE
Көбірек мазмұн

Жиі қойылатын сұрақтар

{{family.currentModel.displayName}}

{{family.currentModel.modelCode}}

Түсі :
{{model.prices.currentPriceDisplay}}
Айына {{model.prices.monthlyPrice}} , {{model.prices.months}} айға бөліп төлеу
немесе {{model.prices.currentPriceDisplay}}
Price without VAT: {{model.prices.vatFreePriceFormatted}}

Price with discount: {{model.prices.currentPriceDisplay}}

Price before: {{model.prices.priceDisplay}}

{{model.prices.priceDisplay}} {{model.prices.savePrice}}
  • {{summary.title}}

    {{summary.value}}{{summary.unit}}

  • {{summary.title}}

Модельдерді салыстырыңыз

Ұқсас өнімдермен салыстырыңыз

ЖАҚЫНДА ҚАРАЛҒАНДАР

From $159.00/mo or $125,900.500
$1,000.00 Save $1,000.00

* Негізгі функция негізгі сипаттамалардан өзгеше болуы мүмкін.

* Барлық суреттер тек көрнекілік болып есептеледі, барлық аксессуарлар бөлек сатылады.

* Құрылғының барлық ерекшеліктері мен техникалық сипаттамалары сатылымды бастау кезінде өзекті, бірақ кейінірек алдын ала ескертусіз өзгеруі мүмкін.

* Ішкі жады құрылғының толық жадынан аз, себебі жадының кейбір бөлігін операциялық жүйе мен құрылғының жұмысын қамтамасыз ететін қолданбалар алып жатыр. Пайдаланушы жадысының шынайы көлемі байланыс операторына және кірістірілген БЖ жаңартуына байланысты болуы мүмкін.

* Аккумулятордың нақты сыйымдылығы (Втсағ) тұтынылатын тоқты кернеу мәніне көбейтумен анықталады. Бұл мән құрылғыда көрсетілген сыйымдылық мәнінен (Втсағ) өзгеше болуы мүмкін, себебі біріншісі осы құрылғымен тұтынылатын нақты қуатқа қосылған құрылғыларға және пайдалану жағдайларына байланысты.

* Желі: қолдау көрсетілетін жиіліктер ауқымы ауданға және желі провайдеріне байланысты.

*Телефонның автономды режимдегі қызмет ету мерзімін бағалау әдеттегі қолданушы үшін орташа пайдалану профилін білдіреді. Ұлыбритания және АҚШ мемлекеттерінде 2021.12.08 по 2021.12.20 күндері аралығында Strategy Analytics компаниясының жасаған тәуелсіз сараптамасы негізінде SM-S901, SM-S906 және SM-S908 өндіріске дейінгі модельдері 5G Sub6 желілерінде әдеттегі параметрлер бойынша алынған ақпарат (5G mmWave желісінде сынақтар өткізілген жоқ). Батареяның нақты қызмет ету мерзімі желі ортасына, пайдаланылатын мүмкіндіктері мен қосымшаларға, атқарылған қоңыраулар мен жіберілетін хабарлардың жиілігіне, қуаттау/разряд циклдерінің санына және басқа да көптеген факторларға байланысты өзгереді.

5.9" болатын экран өлшемі экран айналасындағы тікбұрыш диагоналіне тең. Экран бұрыштарындағы жұмыр жиектерін қосқанда бұл өлшем 5.7" болады.

* Батарея сыйымдылығы (мАсағ, әдепкі) - Үшінші тараптық зертхана жағдайларында сыналған әдепкі мән. Әдепкі мән - IEC 61960 стандарты бойынша сыналған батарея үлгілері арасында батарея сыйымдылығындағы ауытқуларды ескере отырып есептелген орташа мән. Номинал (минималды) сыйымдылығы 3020 мАсағ. Нақты батареяның қызмет мерзімі желі ортасына, пайдалану үлгілеріне және басқа факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.