Galaxy A10
-
Infinity дисплейі
-
Артқы камера
-
Аккумулятор
Шексіз әлемге арналған жақтаусыз экран
Galaxy A10 телефонының 6,2 дюймдік Infinity-V экранымен өзіңіз үшін маңызды нәрсеге жақындай түсіңіз. Телефонның бір шетінен екінші шетіне дейінгі бетін жақтауы жоқ деуге болатын дисплей жауып жатыр. HD+ анықтығы мен sAMOLED түстің көрсетілуі арқасында сүйікті контентіңізді көруге толық шоми аласыз.
* Суреттер көрнекілік үшін үлгі ретінде берілген. ** Infinity Display: телефонның алдыңғы бетін толық алатын жақтауы жоқ деуге болатын дисплей. *** Экраны дөңгелектелген бұрыштарын есепке алмағанда диагональ бойымен тікбұрыш ретінде өлшенген. Дөңгелектелген бұрыштар мен камера саңылауының болуы іс жүзіндегі шолу аймағын кішірейтеді.
Минималистік дизайн және тамаша түстер
Жұқа 7,9 мм Galaxy A10 корпусы қолға ұстауға барынша ыңғайлы. Жылтыр шыныпластиктен жасалған артқы панелі смартфонның көркем әрі минималистік дизайнын толықтыра түседі. Қара не қара көк түсті корпусын немесе батыл қызыл түсті таңдаңыз.
Ең есте қаларлық сәттерге арналған камера
13 мегапиксельді негізгі және 5 мегапиксельді алдыңғы камераларының арқасында тәуліктің кез келген уақытында сапалы суреттер алу мүмкіндігі пайда болды. Түймені жай ғана басып жарқын шақтарды сол қалпында сақтаңыз.
* Суреттер көрнекілік үшін үлгі ретінде берілген.
Даралығыңызды ерекшелей түсіңіз
Енді Galaxy A10 көмегімен өзіңізді көрсетудің бұрынғыдан да көп жолы бар. Селфимоджи жасап оны баптағаннан кейін достарыңызға жіберіп, көңіл-күйіңізбен бөлісіңіз. Фотосуретіңізді селфимоджидегі стикерлермен, сүзгілермен және мөрлермен безендіріңіз — олар артық сөзсіз-ақ бәрін айтып береді.
* Бұл функцияны пайдалану мүмкіндігі елге байланысты.
Байланыста бұрынғыдан да ұзағырақ болыңыз
Galaxy A10 сыйымдылығы 3400 мА·сағ* аккумулятор көмегімен бір күнге жететін қуатпен қамтамасыз етіп, байланыста болудан және контентті қараудан рахат алуға мүмкіндік береді.
* Басқа зертханада тексерілген типтік мән. Стандартты мән — IEC 61960 стандарттарына сәйкес сыналған аккумулятор үлгілері арасында сыйымдылықтары бойынша айырмашылықтар ескеріліп есептелген орташа мән. Номиналды (минималды) сыйымдылық 3300 мА сағ құрайды. Аккумулятордың нақты қызмет ету мерзімі желі ортасына, пайдалану тәсілдеріне және басқа факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Бір қарап бекітпесін ашу мүмкіндігі
Бет әлпетті тану мүмкіндігі
Galaxy A10 телефонын жай ғана бетіңізге жақындату арқылы бекітпесін лезде аша аласыз. Жеке басыңыздың деректері бөтен адамдардың қолына түспеуі үшін бет әлпетті тану технологиясы телефонды тек өзіңіз пайдалануға мүмкіндігін береді.
* Бұл функцияны пайдалану мүмкіндігі елге байланысты. ** Суреттер көрнекілік үшін үлгі ретінде берілген.
* Бұл функцияны пайдалану мүмкіндігі елге байланысты. ** Суреттер көрнекілік үшін үлгі ретінде берілген.
Маңыздыға зейін қойыңыз
Бірыңғай пайдаланушы интерфейсі шын мәнісінде маңызды нәрселерге зейін қоюға мүмкіндік береді. БҚ мен жабдықтың тандемі арқасында пайдалануға ыңғайлы болу үшін бүкіл контент пен функциялар әр уақытта қолыңызда болады. Құрылғымен қараңғы уақытты жұмыс істеу қолайлы болуы үшін түнгі режимді пайдаланыңыз, ал анық әрі интуитивтік визуалды элементтер интерфейсті оңай меңгеруге көмектеседі.
* Функциялардың, қолданбалардың және One UI қызметтерінің қолжетімділігі құрылғыға, ОЖ нұсқасына және елге байланысты. ** Құрылғы мен экранның суреттері көрнекілік үшін үлгі ретінде берілген.
Сипаттамалары
-
Салмағы (г) 168
-
Процессор жиілігі 1.6ГГц, 1.35ГГц
-
Негізгі камера - ажыратымдылығы 13,0 Мпикс.
-
Аудио ойнату уақыты (сағ.) дейін 72
-
Процессор типі Сегіз ядролы
-
Өлшемі (негізгі дисплей) 158.0 мм (6.2")
Қолдау
Өнім туралы сұрағыңызға жауап табыңыз
Жиі қойылатын сұрақтар
{{family.currentModel.displayName}}
{{family.currentModel.modelCode}}
-
{{summary.title}}
-
{{summary.title}}
Модельдерді салыстырыңыз
Ұқсас өнімдермен салыстырыңыз