Камера

Айрықша жаңа интеллектуалдық камера

Extreme closeup of camera lens

Қос апертура

Әртүрлі жарықта түсірілген керемет фотосуреттер

Жаңа санатты қалыптастыратын қос апертуралы объектив айналадағы жарыққа адам көзі сияқты интеллектуалды түрде бейімделіп, екі диафрагманың бөлінуі режимінің бірін таңдайды. F1.5 режимі аса көмескі жарықтағы түсірілімдерді жарықтандырады. Ал F2.4 режимі фотосуреттердің анықтығын қамтамасыз етеді.

Көмескі жарыққа арналған HDR

Тіпті қараңғыда да түсті анықтау

Қараңғы кедергі болмайтын камерамен анық, әрі түрлі түсті фотосуреттер түсіріңіз. Күндіз түсірілген және артынан жарықтандырылған фотосуреттердегі барлық нәрсені нақты көрсетіп қана қоймай, Galaxy Note9 смартфонының HDR мүмкіндіктері жарық көздерін жоймай объективтегі әр затты анық және түстерін қанық сақтау үшін шуды азайтады.

Қос объективті камера

Екі объектив, шексіз мүмкіндіктер

Galaxy Note9 смартфонының 2X оптикалық ұлғайту мүмкіндігіне ие қос 12MP камерасымен фотосуретіңізді жақсартыңыз. Телефото объективі мен кең бұрышты объектив бірлесіп жұмыс істеп, өз бейнеңізді ұлғайтқанда немесе шынайы фокуспен бірегей портреттер жасағанда айналаны толықтай түсіреді. Ал қос OIS мүмкіндігінің арқасында камераңыз біршама қозғалса да, фотосуреттеріңіз анық шығады. Басқалары түсіре алмайтынды сіз түсіре аласыз.

Closeup image of Galaxy Note9 showing the dual lens rear camera

Көмескі жарыққа арналған шынай фокус

Түні бойы жарқырайтын портреттер

Артқы камерадағы шынайы фокус мүмкіндігімен тіпті қараңғыда да көздің жауын алатын портреттер жасаңыз. Ол артқы фонды бұлыңғырлайтын барлық назарды достарыңыз бен жанұяңызға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Galaxy Note9 камерасы көмескі жарықты тауып, бірнеше рет суретке түсіреді де, анық фотосуреттер алу үшін оларды біріктіреді. Одан кейін артқы жарықтарды көркем пішіндер мен бейнелерге түрлендіруге болады.

Экранында көмескі жарыққа арналған шынайы фокуспен түсірілген кескін бар, альбомдық режимдегі Galaxy Note9 бұрыштық көрінісі
Артқы фонның бұлыңғырлығы

Кадрды оңтайландырғыш

Күш жұмсамай керемет суреттер алудың құпиясы

Алғашқы түсіргеннен қалаған фотосуретіңізге қол жеткізіңіз. Артқы камерадағы Scene Optimizer құралы кадрдағы субъектіні интеллектуалды түрде табады. Одан кейін гүлдер, тамақ және т.б сияқты жиырма түрлі режим ішінен таңдап, субъектіңізге сәйкес суретті жетілдіреді.1

  • Scene Optimizer мүмкіндігінің экрандағы тамақ фотосуретін қалай оңтайландырып жатқанын көрсетіп тұрған альбомдық режимдегі Galaxy Note9 бұрыштық көрінісі
  • Scene Optimizer мүмкіндігінің экрандағы гүлдің фотосуретін қалай оңтайландырып жатқанын көрсетіп тұрған альбомдық режимдегі Galaxy Note9 бұрыштық көрінісі
  • Scene Optimizer мүмкіндігінің экрандағы жасыл шөп фотосуретін қалай оңтайландырып жатқанын көрсетіп тұрған альбомдық режимдегі Galaxy Note9 бұрыштық көрінісі
  • Scene Optimizer мүмкіндігінің экрандағы ағаштардың фотосуретін қалай оңтайландырып жатқанын көрсетіп тұрған альбомдық режимдегі Galaxy Note9 бұрыштық көрінісі
  • Scene Optimizer мүмкіндігінің экрандағы аспанның фотосуретін қалай оңтайландырып жатқанын көрсетіп тұрған альбомдық режимдегі Galaxy Note9 бұрыштық көрінісі
  • Scene Optimizer мүмкіндігінің экрандағы таулардың фотосуретін қалай оңтайландырып жатқанын көрсетіп тұрған альбомдық режимдегі Galaxy Note9 бұрыштық көрінісі
  • Scene Optimizer мүмкіндігінің экрандағы күннің батуын көрсететін фотосуретті қалай оңтайландырып жатқанын көрсетіп тұрған альбомдық режимдегі Galaxy Note9 бұрыштық көрінісі

    *20 режим қолжетімді: Тамақ, портреттер, гүлдер, үй интерьері, жануарлар, ландшафтар, жасыл шөп, ағаштар, аспан, таулар, жағажайлар, күннің атуы және күннің батуы, су, көше, түн, сарқырамалар, қар, құстар, артқы жарық, мәтін.

    Flaw Detection

    Нашар фотосуреттерге «жоқ» де

    Galaxy Note9 Flaw Detection мүмкіндігімен жабық көздерді және бұлыңғыр фотосуреттерді жойыңыз. Ол жыпылықтауды, бұлыңғырлықты, ластанған объективті және артқы жарықтарды интеллектуалды түрде табады да, реттеп, қайта суретке түсіру үшін ескертеді.2, 3, 4 Ол қалтаңыздағы интеллектуалды кеңесші іспеттес.

    Алдыңғы камера

    Ешкімге ұқсамайтын селфилерді түсіру

    Инновациялық Bluetooth қосылған S Pen қаламымен қалай селфи түсіретініңізді қайта ойлаcтырыңыз. Түймені бассаңыз болғаны, тіпті 10 метрдей қашықтықтан да істей береді.5 Galaxy Note9 смартфонының 8MP алдыңғы камерасы адам бетін интеллектуалды түрде анықтап, олардың фокуста екеніне көз жеткізетіндіктен, керемет суретті алу оп-оңай.

    Galaxy Note9 және S Pen қаламымен селфиге түсіп жатқан адамдар кескіні

    Super Slow-mo

    Әр сәтті ғаламат ету

    Super Slow-mo режимімен режиссерлік қабілеттеріңізді көрсетіңіз. Секундында керемет жылдам 960 кадр жазатын Galaxy Note9 аса жылдам камерасы бейнелерді түсіреді де, әр сәтті егжей-тегжейлі көрсету үшін қайта ойнатады.6

    Экранда Super Slow-mo режиміндегі бейне көрсетілген альбомдық режимдегі Galaxy Note9

    AR эмоджи

    Анимацияланған бейнеңізді көрсету

    AR эмоджиімен өзіңізді түбегейлі жаңа жолмен көрсетіңіз. Сәндік киімдер және аксессуарлар сияқты даралау параметрлерімен өзіңіздей дара аватарды жасаңыз. Жаңа «мен» ретінде селфи не бейне түсіріңіз, ал сіздің эмоджиіңіз мимикаңыз бен қозғалыстарыңызды мұқият қайталайды.7 Одан сайын қызықты болу үшін артқы фон қосыңыз немесе алуан түрлі анимацияланған жапсырмалардан таңдап, достарыңызға жіберіңіз.8

    Өз эмоджиімді жасау...Жасаған соң оның шашын, киімін және аксессуарларын түрлендіре аласыз.

    Селфиді пайдаланып AR эмоджи жасап, одан кейін терісінің реңін, шашын, аксессуарларын, киімін және артқы фонды таңдап, даралап жатқан адам түсірілген бейне.
    AR эмоджиіңізді даралау жолы

    Дисней AR эмоджи

    Дисней және Пиксардың таңдаулы кейіпкерлері ретінде әңгімелесу

    Әркімнің таңдаулы анимациялық кейіпкерлеріне бір қарап, өзіңіздің селфиіңіз бен бейнелеріңізге таңғажайыпты қосыңыз! Сіздің бірегей мимикаңызды қайталайтын Микки маус, Супер отбасы және саны артып келе жатқан Дисней және Пиксардың басқа да кейіпкерлерімен хабарларыңызға жан беріңіз.9

    *Қозғалысын көру үшін көрсеткіні апарыңыз.

    • ©Disney Эльза
    • ©Disney Олаф
    • ©Disney Джуди