-
QLED кванттық нүктелік технологиясымен
-
Q Түсі
-
Иілген экран
-
Әмбебап басқару пульті
QLED. Келесі буынның телевизия инновациясы.
Бұрын-соңды болмаған. Quantum Dot технологиясы инновациялық қоспаның көмегімен тамаша түс жеткізуді қамтамасыз етеді. Жылтылдамайтын ғажайып кескін.
Ең жоғары бағаланған теледидар
Samsung QLED TV Q9 теледидары танымал неміс «Video» АТ журналының барлық үш санаты бойынша жүлде алған тарихтағы бірінші өнім болды. Теледидар 2017 жылы REFERNZ, INNOVATION және HIGHLIGHT санаттары бойынша жеңімпаз болып, «үлгілі HDR ТД» деп табылды.
Q Түсі
Теледидар жайында пікіріңізді біржола өзгертетін мүлде жаңа түс жіберу мүмкіндіктерімен танысыңыз. Аналогі жоқ Q9F кең түс ауқымына ие. Әлемді шынайы түрінде көріп, төмен сапалы бейнені ешқашан қаламайтын боласыз.
Q Контраст
Q9F таңғаларлық сападағы бұрын болмаған тереңдік пен жоғары деңгейлі контрастылыққа ие кескінді қамтамасыз етеді. Кез келген жағдайда және кез келген уақытта кадрлардың айрыша жандылығынан рақат алыңыз.
Q HDR 2000 технологиясы
Басқаларға қолжетімсіз дүниелерді көресіз. Режиссер ойлағандағыдай экрандағы оқиғаларға толық еніп, әрбір кадрды тым қараңғы немесе тым жарық аймақтарында байқалмай қалатын детальдарына дейін көріңіз.
* Максималды жарықтығы моделі мен экранның өлшеміне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
* Максималды жарықтығы моделі мен экранның өлшеміне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Ұзақ уақыт қызмет ететін теледидар
Бейорганикалық материалдардан жасалған Samsung QLED теледидарлары ұзақ жылдар бойы бейненің жоғары деңгейдегі жарықтығы мен қанықтығын сақтайды.
* «күю» дегеніміз не? Күю — экранның белгілі бір аймақтарында бір кескін немесе кадрды ұзақ уақыт бейнелеуден орын алатын жөнделмейтін ақау. Кейде бұл бір сағаттың ішінде орын алуы мүмкін.
Q шолу бұрышы
Түстердің өзгеруі туралы уайымдамаңыз. Бөлменің кез келген орнынан бірдей түс жіберу сапасында көріңіз. Q9F ашық түстер мен тамаша шолу бұрышының арқасында экранның алдындағы кез келген орыннан бірдей жақсы көрінеді.
Q Engine
Кескіннің мінсіз сапасына арналған қуатты қозғалтқыш. Q Engine технологиясы ең оңтайлы кескін сапасын қамтамасыз ету үшін, деректерді бұрыңғыдан да тезірек талдайды.
Назарды тартатын дизайн
Сән-салтанат пен заманауи нәзіктіктің үйлесімі. Q9F жасырын сымдары бар талғаммен жылтыратып жасалған артқы қақпағы арқасында түпқойма үстінде де, қабырғада да сәнді көрінеді.
Көрінбейтін қосылым
Кеңістікті ақылмен пайдаланыңыз. Барлық құрылғыларыңызды сымдарды шатыстырмай, бір ғана көзге дерлік көрінбейтін кабельмен қосуға болады. Көзге түспейтін қосылым орнатыңыз.
* «Көрінбейтін қосылым» - құрылғыларды қосуға арналған барлық сыртқы кабельдерді біріктіретін One Connect приставкасына жалғанған бір мөлдір оптикалық кабельді пайдалану. Бұл теледидардың қуат кабеліне немесе саундбар сияқты басқа құрылғыларға жалғанған кабельдерге қатысты емес.
Жинақы артқы панель
Бұл теледидарды кез келген жерге қоюға болады. Жинақы артқы панель түпқойманың ішіндегі барлық кабельдерді ұқыпты реттеу мүмкіндігін береді. Барлық тарапы, тіпті артқы тарапы да заманауи қарапайымдылықпен жасалған.
Қабырғаны теспеу бекіту
Q9F теледидарын қабырғаны теспей орнатуға болады. Теледидар барлық жағынан сәнді көрініп, интеръерге дәл үйлеседі.
* Теледидардың артқы жиегіне қатысты өлшеу кезінде, орнату әдісіне және қабырға түріне байланысты саңылаудың үлкендігі әртүрлі болуы мүмкін.
* Теледидардың артқы жиегіне қатысты өлшеу кезінде, орнату әдісіне және қабырға түріне байланысты саңылаудың үлкендігі әртүрлі болуы мүмкін.
Жан жақты ойластырылған дизайн — теңдесі жоқ
Әрқашан өзекті дизайн, кез келген интерьерге дәл сәйкес келеді. Бейнені теледидар жақтауларынсыз көріңіз. Металдан жасалған артқы панельдің сүйкімді де шағын дизайны. Теңдесі жоқ сұлулық.
Төрт тарапында да жақтаулары жоқ
Әлемді үйіңізден шықпай-ақ тамашалаңыз. Төрт тарапында да жақтауы жоқ экран арқасында ондағы оқиғаларға толықтай еніңіз. Кадрлардың көз алдыңызда жанды түс алуына қараңыз.
Толықтай металл құрылым
Q9F жинақы және жылтыраған металл артқы панелі кез келген интерьерге дәл сәйкес келеді.
Шыныменде «ақылды» теледидар
Демалып, теледидар көруден рақат алыңыз.
* Netflix ағындық таратуы үшін, жазылу қажет.
Әмбебап басқару пульті
Барлық мүмкіндіктер қолыңызда. Барлық қосылған құрылғыларды бір қашықтан басқару пультімен басқарыңыз. Енді арналарды ауыстырып отырудың қажеті жоқ, дауыстық басқаруды пайдалануыңызға болады.
Smart Hub қызметі
Қызықтың бәрі сонда. One Depth функциясы бір экранда әртүрлі бейнелерді көрсетеді. Әртүрлі провайдерлердің қолданбаларын пайдалану құқығын алып, шағын превью көмегімен бүкіл қолжетімді контентті қараңыз.
Автоматты табу
Барлық қосылған құрылғыларды табу және анықтау процесін жылдамдатыңыз. QLED теледидары құрылғы аттарын автоматты түрде көрсетеді, сондықтан қажетті құрылғыны таңдау қиын емес.
* Құрылғылар One Connect модуліне HDMI кабелі арқылы жалғануы керек.
* Құрылғылар One Connect модуліне HDMI кабелі арқылы жалғануы керек.
Smart View қолданбасы
Смартфонды теледидарға қосып, оның ішіндегі барлық деректерді экранда көруіңізге болады. Smart View қолданбасының көмегімен смартфон арқылы ойнатуды басқаруға болады.
* Android 4.1 және одан кейінгі, iOS 7 және одан кейінгі, Windows 7 және одан кейінгі нұсқаларында қолдау көрсетілген. * Marvel Studios ұсынған «Доктор Стрендж» және «Первый мститель: Противостояние» сияқты фильмдерді, сонымен қатар Google Play дүкеніндегі «Фильмы» қызметінің көмегімен басқа да кинотаспаларды көріңіз. * © Warner Bros. Entertainment Inc., Village Roadshow Films North America Inc. and RatPac-Dune Entertainment LLC. © 2016 Disney Enterprises, Inc. Marvel Studios © MARVEL ұсынған «Первый мститель: Противостояние», 2017 ж. «Девушка в поезде» © Universal Studios, 2016 г. «Отряд самоубийц» TM және © DC Comics. © WBEI, 2016 ж. Барлық құқықтар қорғалған.
Сипаттамалары
-
Сериясы Q
-
Экран көлемі 88
-
Ажыратымдылығы 3,840 × 2,160
-
Бейнелерді өңдеу процессоры Q Engine
-
Жақтау типі Жиектемесіз экран
-
Динамик типі 4.2 арнасы
{{family.currentModel.displayName}}
{{family.currentModel.modelCode}}
-
{{summary.title}}
-
{{summary.title}}
Модельдерді салыстырыңыз
Ұқсас өнімдермен салыстырыңыз