Философия / Философия

Гейминг саласының дамуы туралы
Ninja-ның ой-пікірі

Аңызға айналған Fortnite ойыншысы гейминг қауымдастығы және геймингтегі мансабы туралы әңгімелейді.

Тайлер «Ninja» Блевинс Samsung 837 экспириенс аймағында

Біз Fortnite ойынының аңызы Тайлер «Ninja» Блевинспен геймингтың хобби, мансап ретінде болатынын және гейминг қауымдастығы мен геймингтың болашағын талқыладық.

Ninja геймингтың болашағы, қауымдастығы мен 5G ойындар туралы сөйлейді.

#TeamGalaxy мүшесі Ninja жақында Нью-Йорктегі Samsung 837 экспириенс аймағына кіріп, iKON-мен жарысып қана қоймай, Fortnite-тың басқа да ғаламат сайыстарына қатысты. Біз қолайлы жағдайды пайдаланып, геймингтың қазіргі жағдайын талқылап, өздері сияқты сәтті болғысы келетіндердің назарын неге аудару керек туралы сөйлестік.

Қатысушылар Samsung 837-де Galaxy S10+ смартфондары арқылы жарысуда.

10 жыл бұрын болған, қазіргі және болашақ гейминг мәдениеті немен ерекшеленеді?

Қауымдастық бұрыннан әлдеқайда белсендірек болып, ойынды қалай жаңартуға болатындығы, оның түрі қандай болатыны туралы өте құнды пікір білдіреді. Қазіргі ойындардың көбісі бета және альфа тестілеуден өтіп сынақталады, себебі, ойын авторлары үшін ойыншылардың кері байланысы өте маңызды. Ал 10 жыл бұрын көптеген әзірлеушілер: «Міне біздің ойынымыз, алатыныңыз – осы. Ұнамаса, басқа ойын сатып алыңыз», - деп айтатын.

Менің ойымша, егер ойын өз қолданушылардың, стримерлердің, контент құрушылар мен ютюб мүшелерінің кері байланысын ескермесе, ол ойын сәтсіздікке ұшырайды.

«Ойынды толығымен ерекшелендіретін – қауымдастықтың кері байланысы».

Ninja мен iKON Samsung 837-де жарысып жатыр

Жас геймерлер ата-аналарын тек ұпай үшін ойнамайтынына қалай көндіре алады?

Бір-екі жыл күте тұрыңыз, бірақ қазір ата-аналар: «О, менің ұлым командасындағы ең үздік футболшы, бірақ сабағын жаман оқиды» деп ойламайды. Бірнеше жыл күтіңіз. Егер сіз стример, ютюбшы, геймер, кәсіби ойыншы болғыңыз келсе, мектепте жақсы оқыңыз. Кішкентай кезімде мен үнемі саудаласатынмын. «Анашым, мен екі сағат бойы үйді жинаймын, айтқаныңды істеймін, ал сен маған екі сағат ойнауға рұқсат бересің» деп жүрдім.»

Ninja көрермендерге үндеу жасауда

Кәсіби геймер болуын армандайтындарға қандай кеңес бересіз?

Қызықты болыңыз. Қалғанынан гөрі көңілдірек, күлкілі болыңыз. Өзіңізге үлгі таңдап алыңыз. Егер сіз одан қарағанда өзіңізді көңілдірек және күлкілі деп есептесеңіз, онда алға! Өз-өзіңізге үлгі болыңыз. Контентыңызды өзіңізге үлгі болғандардан гөрі қызықтырақ жасаңыз немесе барлығынан да үздік болыңыз.

«Қазіргі сәтте 5G менің болашағымның маңызды бөлігі болып табылады. Осының бәрі қайда жеткізетінін өте қатты көргім келеді».

iKONIC - Fortnite үшін біздің соңғы келбеті

Қалай ойлайсың, 5G индустрияны өзгертеді ме?

Мен оған дәмеленіп отырмын. Бұл дегенің жолда келе жатып, 5G арқылы мобильды гейминг тәжірибесі ғой. Қазіргі сәтте 5G менің болашағымның маңызды бөлігі болып табылады. Осының бәрі қайда жеткізетінін өте қатты көргім келеді. Мен 5G-ды әлі сынап көрмедім, бірақ дайындықтың өзі таң қалдырады. Шыдамым таусылып, не болатынын әрең күтіп отырмын.

Гейминг еш қайда жоғалып кетпейді. Қазір оның асып тұрған кезі. Бәрі одан әрі жақсара береді.

Image
Video Alternative Text

Ninja сияқты қызықтырыңыз

Қалтаңыздағы Galaxy S10 смартфондары үйде, автобуста немесе көшеде теңдесі жоқ ойнау тәжірибесін ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыз