24" жаңарту жылдамдығы 144 Гц иілген ойын мониторы
key features
-
1800R иілген экран
-
144 Гц жаңарту жылдамдығы
-
Ойын режимі
-
Freesync технологиясы
Ұшқыр жылдамдық, ойынға толық ену
Ұшқыр жылдамдық, ойынға толық ену
Иілген пішіндегі Чемпион
Иілген мониторлар арасында көшбасшы Samsung 2015 жылы әлемге инновациялық дисплейлерді бірінші болып ұсына отырып, иілген мониторлар нарығында көшбасшы болып келеді. Осы өнім желісін жасаудағы жетекші технологияның арқасында Samsung иілген мониторлары нарық үлесі және тұтынушылар таңдауы бойынша тұрақты бірінші орында.
Жаңа пішінді таңдаңыз
Жеңімпаздың құралы. Терең дөңгеленген 1800R иілген экраны арқылы әр ойынға толық еніңіз. Экранның пішіні концентрацияңызды арттырады, яғни жеңістеріңіз де артады. Көзге күш салмай ұзақ уақыт ойнай аласыз.
Бірқалыпты әрі жылдам графика
Әрекеттер әрқашан бірқалыпты және анық көрінеді. 144 Гц дейінгі жаңарту жылдамдығы сізді тіпті ең қиын ойындарда да алдыңғы қатарға шығарады. Әп-сәтте жауыңыздың орнын анықтап, әр кадрдағы маңызды әрі өте шағын өзгерістерді байқаңыз. Жаңарту жылдамдығы 60 Гц, 100 Гц не 120 Гц дейін жеңіл өзгертіледі.
Геймерлер үшін эксклюзив
Ойыныңыз үшін мінсіз баптауларды орнатыңыз. Ойын режимі кез келген ойын жанры үшін гамма-коррекцияны, контрастты, айқындылық пен түсті оңтайлы реттейді. Енгізу кідірісі төмен режимі (Low Input Lag Mode) сіздің енгізу құрылғыларыңыз бен дисплей арасындағы кідірістерді азайтады. Виртуалды көздеу нүктесі экрандағы нысанды жауға дәлірек шабуыл жасау үшін бағыттайды.
Мінсіз көрініс
Бұлыңғыр ойындар енді артта қалды. AMD Radeon FreeSync™ суреттерді тегістеп, ойындағы кадрларды бірқалыпты әрі жылдам етеді. Экрандағы бейненің динамикалық бейімделген жаңару жылдамдығы арқасында ең қиын деген ойын сахналарының өзі кідіріссіз және жылдам көрсетіледі.
Көзіңіз сергек болса, көбірек жеңесіз
Енді ұзағырақ ойнауға болады. Көзді қорғау режимі (Eye Saver Mode) ұзақ уақыт ойнау кезінде көзді сергек күйде сақтау және оған жайлылық беру үшін көгілдір жарықты азайтады. Flicker Free технолгиясы экранның шаршататын және қажытатын жыпылықтауын төмендетеді, сол себепті көзге күш салмай фокусты ұзақ уақыт ұстап тұра аласыз.
Қараңғыда көру
Оларға жасырынуға орын қалдырмаңыз. Аса жоғары 3000:1 контраст арқылы сіз қауіпті нысандар мен жауларыңызды анығырақ көре аласыз. Көптеген аралық реңтердің арқасында қара түстер тереңірек, ал ақ түстер жарығырақ бола түседі. Жауларыңыз қараңғы жерлерге жасырынса да, оларды уақыт жоғалтпай байқай аласыз.
Сипаттамалары
-
Экран қисықтығы 1800R
-
Экран шеттерінің ара салмағы 16:9
-
Айқындығы (типтік мән) 250 кд/м2
-
Ажыратымдылығы 1 920 x 1 080
-
Жауап уақыты 4мс (GTG)
-
Жаңару жиілігі 144 Гц
Қолдау
Өнім туралы сұрағыңызға жауап табыңыз
-
User Manual
- ver 00
- 0.9 MB
- 23.09.2021
MULTI LANGUAGE -
User Manual
- ver 00
- 0.81 MB
- 23.09.2021
MULTI LANGUAGE -
User Manual
- ver 00
- 0.81 MB
- 23.09.2021
MULTI LANGUAGE
Жиі қойылатын сұрақтар
{{family.currentModel.displayName}}
{{family.currentModel.modelCode}}
Price with discount: {{model.prices.currentPriceDisplay}}
Price before: {{model.prices.priceDisplay}}
-
{{summary.title}}
-
{{summary.title}}
Модельдерді салыстырыңыз
Ұқсас өнімдермен салыстырыңыз