32" 1 миллиард түстері бар UHD мониторы
key features
-
UHD анықтығы
-
Миллиард түстер
-
AMD Freesync технологиясы
-
Ойын режимі
Көбірек пиксель. Қосымша мүмкіндіктер.
Кең экранды UHD мониторы
Full HD анықтығының 4 есе арттырылған пиксель санының арқасында 31,5 дюймдік UJ59 мониторы көбірек экран кеңістігін және шынайы UHD кескіндерін ұсынады. Бұл жүгіртпе жолағын айналдырмай-ақ құжаттар мен веб-беттерді көруге, бірнеше тереземен және құралдар тақтасымен ыңғайлы жұмыс істеуге және керемет 4K сапада фотосуреттерді, бейнелерді қарауға және компьютерлік ойындарды ойнауға болатындығын білдіреді.
Миллиард түс реңктері
Миллиард түс реңктерін қолдай отырып, UJ59 мониторы өте жанды әрі шынайы бейнелерді ұсынады. Түстердің жоғары дәлдігінен түстер барынша шынайы көрінуінің арқасында UJ59 мониторы фотосуреттерді, бейнелерді көруге және графикалық қолданбалармен жұмыс істеуге өте ыңғайлы құрылғы болып табылады.
Кең экранды 4K сапасында ойын ойнау мүмкіндігі
31,5 дюймдік UJ59 мониторында шынайы кең экранды 4K сапасында ойын ойнау мүмкіндігін пайдаланып көріңіз. Түстердің кең ауқымына қолдау көрсететін және әр кескінді керемет айқындықпен көрсететін 8,3 миллион пиксельдің арқасында, UHD ойын процесіне қатысу әсерін беретін шынымен әсерлі ойын ойнау мүмкіндігі үшін кеңірек көріністі ұсынады.
Ойын режимі
Ойын режимі ойын барысында бәсекелестік артықшылығын беру үшін кескін контрастын бірден оңтайландырады. Көріністердегі контрастты таңдамалы түрде жақсартудың арқасында ойын режимі қараңғы жерлерді ұсақ-түйегіне дейін көрсетіп, жауларыңызды тез табуға мүмкіндік береді.
Аса қуатты көп әрекеттерді орындау мүмкіндігі
Picture-by-Picture (PBP) функциясы мониторға екі құрылғыны қосуға және бастапқы сапасын сақтауға мүмкіндік береді. Бірнеше тапсырманы оңтайлы орындау үшін, Picture-in-Picture (PIP) функциясының көмегімен екінші көздің өлшемін экранның 25 %-на дейін өзгертіп, оны кез келген жерге орналастыра аласыз.
Жіңішке жақтаулар
Мониторының жіңішке жақтаулары мен артқы панелінің қара күңгірт құрылымының арқасында UJ59 мониторы кез келген үстелде сәнді көрінеді. Y тәрізді тіреуіші мониторды үстелге нық орналастырып, сәнді металл реңкін береді.
Сипаттамалары
-
Экран шеттерінің ара салмағы 16:9
-
Айқындығы (типтік мән) 270кд/м2
-
Ажыратымдылығы 3,840 x 2,160
-
Шолу бұрышы (Г/В) 178°/178°
-
Жаңару жиілігі 60Гц
-
Айқындығы (мин.) 225кд/м2
{{family.currentModel.displayName}}
{{family.currentModel.modelCode}}
Price with discount: {{model.prices.currentPriceDisplay}}
Price before: {{model.prices.priceDisplay}}
-
{{summary.title}}
-
{{summary.title}}
Модельдерді салыстырыңыз
Ұқсас өнімдермен салыстырыңыз