HM12 тоңазытқыш, екі еселенген салқындату технологиясымен бүйір жағында, 572 л
Twin Cooling Plus технологиясында ең жақсы қасиеттер үйлескен
Н сериялы жаңа тоңазытқышта тоңазытқыш камерада және мұздатқыш камерада да, тиімді ылғалдылық деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік беретін, дербес екі ауа ағыны және нақты температуралық бақылау пайдаланылады. Twin Cooling System™ технологиясы алманың балғындығын сақтайды, балмұздақты үсіріп жібермейді және сіз бұрын мұздатқыш камерада сақтаған, сарымсақты нан иісінің мұз текшелеріне сіңіп кетуіне жол бермейді.
Ақпараттың қолжетімділігі және басқару жеңілдігі
Тоңазытқыштың есігін ашпастан, оның ішінде не болып жатқанын біле аласыз. Н сериялы жаңа тоңазытқыштың алдыңғы панелінде орналасқан, көгілдір жарықдиодты экран, оның бөлімдеріндегі температура деңгейін көрсетеді және фильтр ауыстыру қажеттігі жайлы хабарлайды. Дисплейге қолдың ұшын бір-ақ рет тигізе отырып, сіз жүйеден суды жоя аласыз және мұзын еріте аласыз, ал үйіңізде болмаған кезде, демалыс режимін орнатуға болады. Тоңазытқыштың жеке бөліктерін салқындатуға мүмкіндік беретін CoolSelect Zone™ технологиясы, интуитивтік түсінікті басқару жүйесі болып табылады, ал оның баптауларын қол ұшін бір тигізу арқылы өзгертуге болады.
Кереметтің барлығы - қарапайым
Кез келген үздік бас аспазшы ең бастысы - асты дұрыс ұсыну екенін айтады. Бұл тұрмыстық техникаға да қатысты. Н сериялы жаңа тоңазытқыштың заманауи сәнді дизайны тамаша және таңдаулы тағамдар дайындау үшін шабыттандырады. Беті тегіс, жылтыратылған көркем конструкциясы сіздің асүйіңіздің интерьерін керемет толықтырады және сіздің стильді әрлеуіңізге қосымша сән береді. Бұдан әрі кешкі сауык кезінде сіздің асүйіңіз бүкіл үйдегі ең әйгілі жер болады.
ClearView мұз генераторы - мұздың көптігі, бос орынның көптігі!
ClearView кіріктірілген мұз генераторы 2 кг дейін мұз сақтай отырып, мұздатқыш камерадағы кеңістікті үнемдейді. Бұл шешім балмұздақ, қатырылған жартылай фабрикаттар мен үнемді үлкен қаптамалардағы вафлиді сақтауға арналған қосымша екі сөре орналастыруға мүмкіндік берді. Мұз генераторының қабырғалары мөлдір, сол себепті сіз қанша мұз барын көре аласыз.
Ең кішкентай гурмандарға арналған ыңғайлы шағын есіктер
Асүй кеңістігіне мінсіз үйлесетін тоңазытқыш тұтқасын елестетіп көріңіз. Тоңазытқыш есігі есік панеліне кіріктірілген ықшам тұтқаның көмегімен оңай ашылады. Бұл құрылғыға тек сән ғана беріп қоймайды, сонымен қатар тоңазытқышты оңай ашуға мүмкіндік береді. Сізге небары қол ұшын бір тигізу және минималды күш жұмсау қажет.
Энергия мен кеңістікті үнемдеуге жаңаша қараңыз!
Кіріктірілген жарықдиодты шамдар артық орын алмастан, тоңазытқыштың ішін жарықтандырады. Сонымен қоса, олар қызу шамдарымен салыстырғанда жылуды азырақ бөледі, сол себепті төмен температура ұстап тұру үшін тоңазытқыш көп энергия тұтынбайды. Шамдар жарқырап жанады, сол себепті сіз жүзім желесін құлпынай тосабынан оңай ажыратасыз, тіпті олар ең төменгі сөреде тұрса да.
Үлкен қорап
Жаңа, ірі контейнерлерде тіпті қауын мен сүтшөп шоғырбастарын да сақтай аласыз, және сұрыптары әр түрлі бұрышқа да орын қалады. Өзіңізді көкөністер мен жемістер молшылығымен қуантыңыз! Арнайы жапқыштар балғын азыққа оңай қолдетімділікті қамамасыз етеді.
CoolSelect таңдаулы салқындату аумағы
Бір арнайы есік, тқрт режим. CoolSelect™ технологиясының көмегімен алғашқы қонақтар үшін сусынды уақытында салқындатуға, немесе жағымды дәмін сақтай отырып, тауықты тез арада жібітіп алуға болады. Температураны үнемі 0°C деңгейінде ұстап тұру, еттің балғын күйде, ал көкөністер мен жемістердің - шырынды және кіртілдек болып қалуына мүмкіндік береді.
Multi Flow технологиясы
Multi Flow технологиясы әр сөренің үстіндегі шағын қақпақшалар есебінен әр қабатта әрекет етеді, осылайша тоңазытқыш камерасының ішінде біркелкі температураны сақтайды, әсіресе есікті ашқаннан кейін. Әр бөлімнің әр секциясын бір мезгілде салқындатудың арқасында, азық-түлік анағұрлым ұзақ уақыт балғын күйде сақталады.
Шағын бар
Сусындары бар шағын бардан содалы суды алып шығу үшін, тоңазытқыштың есігін ашып, салқын ауаны сыртқа шығару міндетті емес. Бұл кез келген сусынға жеңіл қолжетімділікті ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қосы энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді. Жай ғана қол тигізу арқылы ашуға болатын есік те, сөре функциясын атқарады: тіпті тоңазытқыштан алып шықпай-ақ, ондағы тұрған сусынды күрішкеге құйып алуға болады.
Сипаттамалары
-
олық пайдалы көлемі 572 ℓ
-
Жалпы ені 912 mm
-
Ілмектерін ескергендегі корпустың биіктігі 1789;
-
Есік тұтқасымен бірге корпустың тереңдігі (мм) 747 mm
-
Нетто салмағы 109 kg
-
Салқындату типі Twin Cooling функциясы
Қолдау
Өнім туралы сұрағыңызға жауап табыңыз
-
User Manual (SERC)
- ver 1.0
- 6.58 MB
- 22.11.2016
MULTI LANGUAGE -
Quick Guide
- ver 1.0
- 0.01 MB
- 19.08.2015
MULTI LANGUAGE
Жиі қойылатын сұрақтар
{{family.currentModel.displayName}}
{{family.currentModel.modelCode}}
Price with discount: {{model.prices.currentPriceDisplay}}
Price before: {{model.prices.priceDisplay}}
-
{{summary.title}}
-
{{summary.title}}
Модельдерді салыстырыңыз
Ұқсас өнімдермен салыстырыңыз