Әл-ауқат

Шығармашылық жаңару
ойларыңызды ретке келтіруге көмектеседі

Ұзақ қыстан кейін бұлшықеттер ғана емес, ақыл-ой да дамымай қалады. ​Осы шығармашылық жаттығулар ақыл-ойды сергітуге көмектеседі.

Көктемгі гүлдер, көктемгі түстер, көктемгі жаңару. Көктем — жаңару уақыты. Бұл қуаттануға, кеңістікті босатуға және уайым-қайғыны ұмытуға тамаша мүмкіндік. Бірақ егер біз ақылға қажетті назар аудармайтын болсақ, жағдайдың өзгеруі де, спортпен шұғылдану да бізге көмектеспейтінін ұмытпайық. Бұл жағдайда бізге шығармашылық жаттығулардың көмегі тиеді.

Көктемде санаға жаңа бастама беру туралы бірнеше идеяны оқып шығыңыз.

Galaxy S21 5G
64 МП телефон объективімен фототүсірілім кезінде сізді шабыттандыратын кадрларды толығымен үлкейтуге және түсіруге болады.

Фотосуреттер түсіріңіз

Сіз өз аймағыңызды жақсы білесіз деп ойлайтын шығарсыз? Бірақ бұл әдетте күнделікті орындалатын үйреншікті әрекеттерге байланысты болады. Итпен бірге серуендеуге шығыңыз. Жұмысқа барыңыз. Дүкен аралаңыз. Бірақ таныс нәрселерге жаңа көзқараспен қарасаңыз ше? Жаңа қандай нәрселерді аша аласыз?

Серуенге шықпас бұрын, өзіңіз үшін фотосуретке түсіру қажет бес шағын мақсатты анықтаңыз. Мысалы, «досыңның суреті», «таңғажайып жаңалық» немесе «жарқын эмоция». Уақыт жайлы ұмытып, Galaxy S21 смартфонын алып, сұлулық, үйлесімділік пен шабыт іздеп серуендеуге шығыңыз және ойдағыдай фотосуреттерді түсіргенше оралушы болмаңыз.

PENUP
Интернеттегі суретшілер қауымдастығына тікелей Galaxy құрылғысынан қосылыңыз.

Адамдармен араласыңыз

Шығармашылық процесс осы шақта болып жатқан нәрселерге назар аударуға және ойларыңызды ретке келтіруге көмектеседі. Бірақ сырттан қолдау болмаса, шабыт тез қашатын болады.

Аудиторияны құрудың көптеген артықшылықтары бар. Кері байланыс көптеген нәрселерге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Аудитория бізге жұмыс кестесін ұстану керектігін ақырын ғана еске салуы мүмкін. Басқа адамдардың жұмыстарымен танысу өз ойларымызды жобалауға көмектеседі. Біздің топқа қосылыңыз немесе Google Play немесе Samsung Galaxy Store дүкендерінен PENUP қолданбасын жүктеп алып, шабыттандыратын онлайн-қауымдастықтың бір бөлігі болыңыз.

Демалыңыз

Көбінесе шабыт сезімі біздің миымыз белсенді күйде болмағанда және бір күн ішінде алынған ақпаратқа назар аударған сәттерде пайда болады. Егер біз нақты бір нәрсеге назар аудармасақ, біздің миымыз бар энергияны санада сақталған, бірақ қолымыз тимегендіктен бұрын өңделмеген нәрсені түсінуге және сұрыптауға бағыттайды. Ең жақсы идеялар душ қабылдаған кезде келетінін байқадыңыз ба? Бұның өз себебі бар. Миыңызға демалуға уақыт беру үшін күнделікті үзіліс уақытын жоспарлаңыз.

Сүйікті ісіңізбен айналысыңыз

Ақыл-ойға демалуға уақыт беру өте пайдалы, ал назарды жаңа нәрсеге шоғырландыру мидың жұмысын ынталандыруға көмектеседі. Өзімізді шығармашылық тұрғыда ойлауға мәжбүр ете отырып, біз көп нәрсеге жаңа көзқараспен қараймыз және санадан тыс жаңа идеяларды тұжырымдаймыз.

Мысалы, егер сіз ойларыңызды үнемі жазып жүрсеңіз, сурет салу процесі заттардың сезінуден гөрі қалай көрінетінін елестетуге көмектеседі. Егер сіз фотограф болсаңыз, мүсін жасау сізге тақырып туралы үш өлшемді түсінік береді. Galaxy Tab S7 — шығармашылық ниеттерді визуализациялаудың және жүзеге асырудың таптырмас құралы. Өнер туындыларын жасайтын уақыт келді.

Ойларыңызды қағазға түсіріңіз

Кейде шығармашылықты білдіру үшін өз ойларыңызды қағазға жазу жеткілікті болады. Күнделікті тиянақты жүргізу немесе күнделікті сурет салу идеяларға жаңа көзқараспен қарауға көмектеседі. Мұны ешқандай үміт пен мақсатсыз жасаңыз, бар болғаны миыңызды жаңа ойлар үшін босатыңыз. Нәтижесі сізді таң қалдыруы мүмкін.

Күн сайын таңертең сурет салуға немесе ойларыңызды жазуға 15–20 минут уақыт бөліңіз. Galaxy S21 Ultra немесе Galaxy Tab S7 және S Pen қаламы қолыңызда маркер, қарындаш немесе қалам ұстағандай сезім сыйлайды.

Ақыл-ойыңызды жаңартыңыз, сергітіңіз және қайта ашыңыз

Шығармашылық құралдарын таңдап, көктемгі жаңаруды бастаңыз.

Бұдан кейін мына оқиғаларды оқыңыз