Лайфхактар

Кими және Ири — өз әлемдерінің жаратушылары

Оңтүстік Кореяның талантты жұбы: #нақтыкөзқарас

Кими және Ири (сонымен қатар @kimi_and_12 ретінде танымал) шулы Сеулдан шет аймақтағы Намхэге көшіп, сонда Les Baguettes Hotel шығармашылық студиясын ашты. Үлкен қаланың әбігерлігі мен мазасыздығынан құтылған соң, олар өз ойларына батып, студия қабырғаларын өз туындыларымен безендіреді. Олардың шығармашылық өмірінің астарына үңіліп қарап, өз ойларын өмірге қалай әкеліп, мінсіздікке қалай жететінін көрейік.

Жемісті одақ

Ерекше жұп қарапайым ретро суретке жарқын контрастілер қосқан кезде өз стилін тапты. Кескіндемені компьютерлік өңдеу арқылы иллюстраторлар Les Baguettes Hotel студиясының қияли әлемін жасайды.

«Бізге шығармашылықтағы метаморфозалар ұнайды. Біздің стиль әрдайым дамып отырады»

— Кими

Жаңа беттен бастау

Жұп студиясында өздерінің параллельді әлемін жасап, кеңістікті шаттыққа толы панномен толтырады.

Қағазда бастаймыз...

Жаңа ойлармен ынталанған жас жұп ой-талқыға түседі. Ондаған ортақ бейне мен қиялдан шынайы желісі бар жарқын мультфильмдік суреттер пайда болады. Кими нәрлі акрил бояуларын қолдануды ұнатады.

«Кездеспес бұрын біз ретро-стилистикада жұмыс істейтінбіз. Жасампаздық жұпта осындай нәтижеге жеттік!»

— Ири

Компьютерде жалғастырамыз

Кими өз жауһарларын ескі жолмен жасайды, ал Ири оларды технология арқылы шыңдай түседі. Оның жұмыстағы көмекшілері — Notebook 9 Pen және S Pen қауырсыны.

«Мен S Pen қауырсынмен жұмыс істеуді ұнатам. Қауырсын жіңішке және сезгіш — барлығы миллиметрге дейін нақты және қарындаш немесе қылқаламмен салудан айырмашылығы жоқ»

— Ири

Сурет арқылы өзіңді көрсет!

Samsung заманауи технологиялары өзіңізді көрсету мүмкіндіктерін тағыда арттыра түседі. Қиялыңызды қосып, Samsung Tabs S5e қолыңызға алыңыз да мүмкіндігіңізді әлемге көрсетіңіз.

Сондай-ақ оқыңыз